Жаңалықтар

Интеллектуалды ойын

Жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі аясында Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» тақырыбында «ZOOM» платформасында Брэйнг ринг интеллектуалды ойыны өтті.  

Тәрбие сағаты

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Зорлық-зомбылық түрлері және оның бала психологиясына әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Білім алушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, […]

Үздік педагог-2020

Техникалық және кәсіптік білім беру саласының 8- педагогы «Үздік педагог-2020» конкурсына қатысты. “Үздік педагог-2020” конкурсының жеңімпазы 30-қазан күні Түркістан қаласында «Үздік педагог-2020» байқауының ІІ кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, байқау жеңімпаздары мен БАҚ өкілдері қатысты. Байқау жеңімпазы Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жамкеева Меруерт Ермекбаевна. […]

Түсіндірме жұмыстары

Баланы қолдау және психологиялық көмек беру бойынша студенттердің ата-аналарына ұсыныстар Түркістан жоғары аграрлық колледжінің педагог-психологі Н.Бейпенова пандемия жағдайында білім беруге байланысты ата-аналарды психологиялық сүйемелдеу мақсатында колледжде білім алатын барлық оқу топтарының ата-аналарының чаттарына «Баланы қолдау және психологиялық көмек беру бойынша студенттердің ата-аналарына ұсыныстар» тақырыбында слайдтарды мен бейнематериалдарды тастап, ZOOM платформасы арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дөңгелек үстел

Колледжіміздің студенттер үйінде әлеуметтік педагог-психолог Н.Бейпенова және мейір бике Ф.Небесаеваның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара міндеті жасөспірімдерге денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін сақтап, зиянды әдеттермен күресуге баулу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан […]

Дипломмен марапатталды

«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік авторлық бағдарламасы-2020» атты республикалық байқауға Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушысы Кани Кулсара Құрбанқызы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.

Бейне сабақ

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының «Кәсіби маман дайындау кепілі-машықтану» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Қуандық Темірлан «Карбюраторлы қоректендіру жүйесінің негізгі ақаулары және орардың себептері» тақырыбында А-191 оқу тобында бейне сабақ өтті.

Өзін-өзі тану сабағы

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Сүйіспеншілік-өзін-өзі танудың негізін жасаушы құндылық» тақырыбында бірыңғай өзін-өзі тану сабағы өтті. Білім алушыларға сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау. Адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілікте.  

Бейне сабақ айдары

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының «Кәсіби маман дайындау кепілі-машықтану» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Ахмет Абдулла «Ескерту және басымдық белгілері» тақырыбында М9-171 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті.

Кеңес дәрістері өткізілді

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде педагогтарды психологиялық сүйемелдеу, кәсіби жанудың алдын алу және онымен күресе білу үшін не істеу керек екенін қарастыру мақсатында «Педагогтар психикалық денсаулығы мен амандығын қалай сақтайды және нығайта алады» тақырыбында кеңес дәрістері өткізілді. COVID-19 коронавирусының жайылуы бүкіл әлем халқының арасында мазасыздық пен үрей тудырды. Көпшілік үрей мен қорқынышқа бой алдырады, әрі вирусқа […]