«Әлеуметтік – экономикалық пәндер» кафедрасы

«Әлеуметтік – экономикалық пәндер»
кафедрасы

     Кафедра оқытушылары алдында білім беру сапасын арттыру, оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру, болашақ маманның шығармашылық әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетті білікті маманның қалыптасуына ықпал ету, білім алушыны әлемдік және отандық жетістіктеріне жақындату сияқты сынды мақсаттар тұр. Сондықтан, бәсекеге қабілетті түлектің кәсіби тұлғасын дамыту үшін тиімді жағдайларды жасау – кафедра оқытушылары алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Кафедрасының шығармашылық жұмыстары

  1. Г.Утешова – №3-маусым айында «Қазақ ұстазы» республикалық, ғылыми-педаго-гикалық журналында «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде модульдік оқу бағдарламаларын қолданудың маман даярлаудағы рөлі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
  2. Г.Утешова- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Педагогикалық шебер-лік» журналында «Басқарудағы жоспарлау» тақырыбындағы  сабақ өңдеуі жарияланды.
  3. Г.Утешова –Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Бүгінгі жоба-болашақтың жос-пары» тақырыбындағы білім алушылары арасында өткізілген инновациялық идеялар байқауында ТК-181 тобының студенті Тұрғанбек Әлия «Ауылдағы тәтті бизнес» жобасымен жүлделі ІІІ – орынды иеленді.4. Ж.Махатова- №3-маусым айында «Қазақ ұстазы» республикалық, ғылыми-педаго-гикалық журналында  «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасы аясында Зерделі – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы талантты оқушылар  арасында өткізілген «Менің Қазақста-ным», «Мәнерлеп оқу. «Біз Мұқағалиді жырлаймыз»  байқауына белсене қатысып , тапқырлығымен, шығармашылық дарынымен  өз ортасында алғыр, озат, білімділігімен  көзге түсіп марапатталған білім алушылар:

 

К.Қанидың жетекшілігімен І-курстың 12 білім алушысы қатысты.

8 білім алушы І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды

5 білім алушы ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды

П.Касимованың  жетекшілігімен І-курстың 1 білім алушысы қатысты.

8 білім алушы І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды

2018-2019 оқу жылындағы кафедра оқытушыларының қатысқан байқаулары

  1. Ж.Махатова- қазан айында «Ұстаз жаршысы» республикалық газетінде «Педагогтардың біліктілігін арттырған курс» атты мақала жарияланды.
  2. Ж.Махатова- Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Бүгінгі жоба-болашақтың жос-пары» тақырыбындағы білім алушылары арасында өткізілген инновациялық идеялар байқауында ТТС9-171 тобының студенті Алтынбекова Ақбота «Ізденімпаз» номинациясы бойынша  ГРАМОТАМЕН марапатталды.
  3. Б.Абдрахимова- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Педагогикалық шеберлік» журналында «Тәрбие өзегі- экономикалық тәрбие» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.