Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі

  Қабылдау комиссиясының 2024-2025 оқу жылына  талапкерлерді қабылдау ережесі

 

  1. Білім туралы 27 шілдедегі 2007 жылғы ҚР заңының 5 бабына 11 тармақшасына сәйкес,«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын» бекіту туралы «ҚР Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына» және«ҚР Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі №305 бұйрығын»негізге ала отырып қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.
  2. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
    • Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымымен 27 тамыз аралығында, қашықтықтан оқудың кешеніне кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығындажүзеге асырылады.
  4. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтініш, білімі туралы құжаттын төлнұсқасын, №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, І,ІІ топтағы мүгедектер №088-У медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3х4 көлемдегі 4 фотосуретін, жеке басын растайтын құжат көшірмесін тапсырады.
  5. Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
  6. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:

1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

 5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.

  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша
  •  жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілінен Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша) өткізіледі.
  • негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілінен және мамандық бейіні бойынша) өткізіледі.
  • мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
  1. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

  1. Түсу емтихандарын өткізу кезінде.
  • тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін ілінеді; тестілеу нәтижелері тест өткізілген күні хабарланады;
  • пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: “3” – 8 балға, “4” – 17 балға, “5” – 25 балға алмастырылады.
  1. Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
  • негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар талапкер үшін екі пәннен 16 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
  • жалпы орта білімі бар талапкер үшін үш пәннен 24 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
  1. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Үлгі қағидаларға 1-қосымшағасәйкес айқындалады.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуғақабылдаудың үлгі қағидаларына 1-қосымша. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі:

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауыБейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Бейіндік пән атауы

Орта білім (жалпы орта)

1502000

Агрономия

Биология

Биология

1503000

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Биология

1508000

Орманшаруашылығы, бақ-саябақжәне ландшафт құрылысы (түрлерібойынша)МатематикаХимия

1510000

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

МатематикаМатематика

1511000

Жерге орналастыру

МатематикаМатематика

1512000

Зоотехния

БиологияБиология
1513000

Ветеринария

Биология

Биология

1514000

Экология және табиғатресурстарын тиімді пайдалану (салаларыбойынша)МатематикаХимия

1518000

Ауылшаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру

МатематикаМатематика

0902000

Электрмен жабдықтау (салаларыбойынша)МатематикаМатематика

1226000

Тамақтандырукәсіпорындарыныңөнімдерінөндірутехнологиясыжәне оны ұйымдастыру

Биология

Химия

0508000

Тамақтандырудыұйымдастыру

МатематикаМатематика

0601000

Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)МатематикаМатематика
1219000

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

Химия

Химия

1222000Консервілер және тағам концентраттары өндірісіХимия

Химия

1224000Сүттағамдарының өндірісіХимия

Химия

1237000Жеміс-жидектер мен көкөністердісақтаужәнеқайтаөңдеуХимия

Химия

 

  1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың немесе шығармашылық конкурстың және/немесе басқа да арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағалардың жиынтық балын көрсете отырып, “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағынасәйкес қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын білім беру ұйымының сайтында қалыптастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.

Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауыБейіндік пән атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі)Негізгі орта білім (жалпы негізгі)Орта білім (жалпы орта)

Орта білім (жалпы орта)

0508000

Тамақтандыруды ұйымдастыруАлгебраБиологияАлгебра және анализ бастамалары

Биология

0601000

Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)АлгебраФизикаАлгебра және анализ бастамалары

Физика

0902000

Электрмен жабдықтау (салалары бойынша)АлгебраФизикаАлгебра және анализ бастамалары

Физика

1219000

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісіХимияБиологияХимияБиология

1222000

Консервілер және тағам концентраттары өндірісіХимияБиологияХимия

Биология

1224000

Сүт тағамдарының өндірісіХимияБиологияХимия

Биология

1226000

Тамақтандыру кәсіпорындары-ның өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыруБиологияХимияХимия

Биология

1237000

Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеуХимияБиологияХимия

Биология

1502000

АгрономияБиологияХимияБиология

Химия

1503000

Өсімдік шаруашылығыБиологияХимияБиология

Химия

1508000

Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)АлгебраБиологияХимия

Биология

1510000

Ауыл шаруашылығын механикаландыруАлгебраФизикаАлгебра және анализ бастамалары

Физика

1513000

ВетеринарияБиологияХимияБиология

Химия

1511000

Жерге орналастыруАлгебраГеографияАлгебра және анализ бастамалары

География

1512000

ЗоотехнияБиологияХимияБиология

Химия

1513000

ВетеринарияБиологияХимияБиология

Химия

1514000

Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша)АлгебраХимияФизика

Биология

1518000

Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыруАлгебраФизикаАлгебра және анализ бастамалары

Физика

         

Бағалардың жиынтық балы:

       негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстар бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

      жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

      мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары бойынша (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) қалыптасады.

      Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.

      Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 7-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

 Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.07.2020 № 303 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     Бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген талапкер апелляцияға шағым береді.
  2. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
  3. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  4. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.