Колледж тарихы

Колледж тарихнамасы

Колледждің іргетасы 1972 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советі қаулысына сәйкес ауыл шаруашылық министрлігі бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ауылшарушылық тәжірибе станциясы негізінде құрылған, бұл колледж –«Шымкент совхоз-техникумы» деп аталды.

1996 жылдан 2003 жылға дейін «Шымкент агротехникалық колледжі» деп аталды.

2003 жылы Оңтүстік Қазақстан әкімиятының 14-наурыздағы №121 қаулысы негізінде «Шымкент аграрлық колледжі» болып қайта аталды. 09.09.2003 жылы сериясы АА №009897 кәсіптік орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізетін құқығы көрсетілген, мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензия берілді.

Алғашқы жылы екі «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығын электрлендіру», 1976 жылы «Агрономия» мамандығы ашылды. Осы жылдан бастап оқу орнының оқу-материалдық базасы нығйып білікті оқытушы кадрлармен жасақталынды. Оқушылар саны 122-ге жетті.

1987 жылы 0705- «Технолог ұйымдастырушы» мамандығы ашылып, оқушылар саны 1500 ден асты.

1990 жылы 0705002- «Экономика, бухгалтерік есеп  және бақылау», 4238-«Көкөністер мен жемістерді сақтау және қайта өңдеу» мамандықтары бойынша талапекелдерді ақылы топқа қабылдау жұмыстары жүргізілді.

1992 жылдан колледждегі барлық оқыту ісі қазақ тіліне көшірілді. Бұл жұмысқа ұжым мүшелері жұмылып, өз уақытында барлық іс қағаздарын және кабинет, зертханалардың жабдықталуын мемлекеттік  тілге көшірді. Алғашқы жылдың өзінде-ақ Ауыл шаруашылығы минисртлігі орта арнаулы оқу орындарының арасында «Жастардың тәрбие ісіндегі қазақтың ұлттық өнерінің рөлі» тақырыбына  өткізілген байқауында колледж оқытушылары ерекше марапатталды. 1993 жылы 4323-«Ашытқы өңдіру және шарап жасау технологиясы» мамандығы ашылды.

2000 жылы1601-«Стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын бақылау» және 0704-«Салық ісі» мамандықтарына оқушылар қабылданды.

«Жер туралы заң» жобасы баспасөз және ақпарат құралдарында, парламентте қызу талқыланып, жер нарықтық экономикасының ықпалды категориясы болып маңызы артуына сәйкес 2002 жылы 4405-«Жерге орналастырушылық» мамандығына лицензия берілді.

Колледждің оқу орны арнаулы салынған төрт қабатты оқу ғимаратынан, спорт және мәжіліс залдарынан, жатақханадан, жазғы спорт алаңынан, спорт және мәжіліс залдарынан, оқу шеберханасынан, автодромнан, тәжірибелік танаптан, асханадан және техниканы сақтауға арналған құрылыстардан тұрады.

1997 жылдан 2003 жылға дейін «Шымкент агротехникалық колледжі» деп аталады.

2003-2019 жылға дейін «Шымкент аграрлық колледжі» атансы, 2019 жылы ақпан айында колледжге жоғары статус беріліп, Түркістан жоғары аграрлық колледжі деп аталды

Колледждің тарихында оның дамуына, биіктікке көтерілуіне тынымсыз еңбек етіп өз үлестерін қосқан, қызметтегі мақсат пен міндеттері халық игілігіне бағыттаған басшылар, ұстаздар әрбір игі істері үшін колледж тарихында өшпес із қалдырған.

 

Колледж директорлары

Түркістан жоғары  аграрлық колледжінде халық арасындағы беделді және абройлы, іс-тәжірибелерінен үлгі аларлықтай көптеген қызметкерлер жұмыс жасады.

Олардың қатарында колледж басшылығының алғашқы сатысында СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі бірдей Социалистік Еңбек Ерінің тұруы байқап қараған адамға көп нәрсені аңғартса керек.

  1. 1972-1973 жж. аралығында Орынқожа Есалиев -ҚР еңбегі сіңген зоотехник, Кеңестер Одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, биязы жүнді Оңтүстік Қазақстан мериносы қойының авторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Ауыл шаруашылығына орта білімді жас мамандар даярлаудың қажеттілігін ескеріп, 1972 жылы Шымкент совхоз-техникумының ашылуына қол жеткізді.
  2. 1973-1987жж. Социалистік Еңбек Ері ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, ВАСХНИЛ -дің корреспондент мүшесі, академик Қасым Әбуұлы Асанов.

Ғалым, Социолистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Қ.Ә.Асанов 1973 жылдан 1987 жылға дейін Шымкент совхоз-техникумының директоры болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ғылыми өндірісті байланыстыра оқытуды іске асыруда, озық технологияны қолдануда, дендрологиялық саяжайды басынана ұйымдастырып, оны көгертуге өзінің орасан үлесін қосты. Шымкент совхоз-техникумы сол кездерде, елдің сөзімен «Асановтың академиясы» деп аталды.

  1. 1987-1995жж. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғары кеңесінің депутаты, экономика ғылымдарының кандитаты Боранбек Шүкірбеков. ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, елімізде жаңадан ұйымдастырылған Агроөнеркәсіптік саланың облыстық комитеті төрағасының бірінші орынбасары, кейінірек ауыл шаруашылығы басқармасы қайта құрылғаннан кейін, басқарманың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Шымкент облыстық тәжірибе станциясының директоры, «Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің» бас директоры қызметтерін атқарды.

4.1995-1996жж. Жастар сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, академик Әзімхан Сатыбалдин.

  1. 1996-1997жж. ғалым-агроном, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, басшылық жұмыстарында тәжірибе жинақтаған, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Серік Ордабекұлы Тұрбеков.
  2. 1997ж инженер-механик, ҚР Білім беру ісінің үздігі медальімен марапатталған Сәлімбайұлы Ахметов.

7.1997-2003жж. техника ғылымдарының докторы, профессор Керімжан Сейітжанұлы Сейтжанов.1991 жылдан жылу берілмеген оқу ғимараты мен жатақханасына жылу жүйесі орнатылды. Жаңадан 2 зертхана, 1 компьютер класы, 1 лингафондық кабинеті, киелі ағаштар көшеттері питомнигі жасалды. Керімжан Сейітжанұлы 80-нен астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі».

8.2003ж ғалым-агроном, экономика ғылымдарының кандидаты Серкебай Ережепов. Аграрлық сала қаладағы колледжден бөлініп, оның жеке колледж ретінде жұмыс жасауына жағдай жасады. Ауыл шаруашлығы маман ретінде орта буын ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға өз үлесін қосты. С.Ережеповтың басқаруы кезінде колледж облыс көлемінде «Ең үздік колледж » атағын жеңіп алып, облыс көлемінде жеңімпаз болып, республикада өзін көрсетті.

  1. 2008ж педагог-заңгер, химия ғылымдарының кандидаты, АҚШ-тағы “Lees-Common Metals” университетінің ғылым докторы Мырзабек Туғанбаев.
  2. 2009-2010жж машина жөндеу технологиясын ұйымдастырушы, инженер-механик Әлібек Кәденұлы Өмірәлиев.
  3. 2010ж зооинженер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты доцент Мадихан Төлегенұлы Тоқсеитов.
  4. 2012-2017жж. Мақатарал және Шардара аудандарының құрметті азаматы, бірнеше медаль, “Құрмет” орденінің және «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы сияқты беделді азаматтар басқарды.
  5. 2017-2020жж. Шымкент аграрлық колледжін педагогика ғылымдары магистрі Бекбергенова Гаухар Алпысбайқызы басшылық етті.

Сонымен қатар колледжде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Д.Сыдық, ауыл шаруашылығы ғылымдарының  кандидаттары  Қ.Сұлтанов, Б.Божбанов, О.Хожамжаров, А.Қазыбаева,  Б.Исабеков, А.Ахметчиев және Ы.Алтынсарин медальімен марапатталған Е.Алтынбеков, А.Асқар, Р.Айтқұл, О.Хожамжаров, С.Жақып  қызмет етуде. Олар оқушылармен бірге ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналысып, республикалық, облыстық деңгейлердегі ғылыми -тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысып жоғары деңгейдегі нәтижелер көрсетуде.