“Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі” МКҚК

Жатақхана туралы мәлімет

 

Басқару құқығы

Ғимараттың типіҒимараттың жобалық қуаты, орынҒимараттың жалпы жұмыс ауданы, ш.м.Ғимараттың техникалық жағдайыЖатын бөлменің ауданы ш.м.

Жатын бөлме саны

Сенімді басқару құқығы

Типтік4403426Жөндеу қажет емес16,2

81

 

         Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің балансында 1 студенттік жатақхана бар. Жатақханаларда студенттердің тұруы үшін барлық жағдай жасалған: тұрмыстық бөлмелер, тоңазытқыштар, газ плиталары, кір жуғыш машиналар, жуынатын бөлмелер, душ және жоғары жылдамдықты Wi-Fi. Жатақхана тегін. Облыстың басқа ауданнан  келген студенттердің уақытша тұратын жері бойынша тіркеуді әкімшілік бүкіл оқу мерзіміне жүргізеді.

 

         Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі жатақханасының артықшылықтары:

– Таңдалған оқу түріне қарамастан басқа ауданнан  келген барлық студенттерге ұсынылады.
– Жайлы және ыңғайлы.
– Қауіпсіздік жүйесі.
– Біз студенттерімізді жан-жақты дамыған тұлғаларға айналдыруға тырысамыз, сондықтан оларға тек жатақханада тұру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шаралар ұсынылады.

Студенттік жатақхана қызметкерлерінің құрамы әр түрлі қызметтерді жоғары деңгейде көрсететін тәжірибелі мамандар мен біліктілігі жоғары қызметкерлерден  тұрады. Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана есігі 22.00-ге дейін ашық. Жатақханада қонақ қабылдау реті шектеулі.

 

 Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің жатақханасында тұру ережелері мен қағидалары

 

Осы ережелерді оқу және оларды сақтау студенттердің тікелей міндеті:

       Жеке тұлға ретінде студенттердің құқықтары мен міндеттері бар. Жатақханада жағымды академиялық және әлеуметтік ортаның қалыптасуы үшін барлық тұрғындар достық көршілік қағидасын сақтағандары жөн. Студенттер өз міндеттерін басқалардың құқықтары мен мүліктерін құрметтеу негізінде жүзеге асырулары қажет. Жатақхананың барлық ережелері жағымды өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында және әрбір тұлғаның өзінің немесе қонақтарының іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін сезіндіру үшін дамытылған. Жатақхана тұрғындары басқалардың құқықтарын құрметтеу арқылы мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті.

 

       Студенттердің ең бірінші мақсаты білім алу болғандықтан олар өз бөлмелерінде сабақтарын оқу құқықтарына ие. Оған қоса студенттердің сауығуға, демалуға, достық қатынастарын дамытуға және жеке өмірге деген құқықтарын жүзеге асыруға деген ажырамас құқықтары қатар сақталады. Аталмыш құқықтар тек қоғамда өмір сүру ережелерін сақтай отырып ымыраға келу және ортақ мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Студенттедің өз құықтарын бұзатын басқа тұлғалардан қорғану оның өзінің жеке жауапкершгілігі болып табылады. Келесі ережелер мен қағидалар жатақхана тұрғындары болып табылатын барлық студенттердің құықтарын қорғау мақсатында қалыптастырылған.

Өрт қауіпсіздігі ережелері

Жатақхананың әрбір тұрғыны Өрт қауіпсіздігі ережелерін жеке оқып, оларды сақтауға тиіс. Өрт сөндіруші құралдарды, құбырларды, тіректі станцияларды, түтін/ыстық детекторлары,  төтенше жағдай жарықтары, арнайы дабылдар, дабылдамалар, қоңыраулар мен есіктер, т.с.с. арнайы өрт сөндіру құралдарын орынсыз пайдалану, өрт шығару, өрт дабылдатқыштарын жалған қолдану немесе эвакуацияциядан бас тарту және/немесе эвакуацияға кедергі келтірген жағдайлар дисциплинарлық немесе құқық қорғау органдарына арыз беруге дейінгі іс әрекеттерді жүзеге асыруға мәжбүрлейді. Төтенше жағдайдан тыс уақытта төтенше жағдай кезінде қолданылатын шығу жолдарын пайдалануға тыйым салынады.

Қараусыз қалдырылған мүлік 

     Егер жатақхана тұрғыны мүлігін пайдаланғаннан кейін жатақханада тастап кететін болса, аталмыш мүлік қараусыз қалдырылған деп саналады. Тұрғын отыз күн ішінде мүлігін талап етпеген жағдайда колледж бұндай мүлікті өз иелігіне алады. Қандай да бір жеке заттар қоғамдық жерлерде (теледидар бөлмелерінде, оқу бөлмелерінде, асханада, кір жуу орындарында) қараусыз қалдырылса, жатақхана қызметкерлері оларды ескертусіз жабық жерге апарып қоюға құқылы. Колледж қоғамдық жерлерде жоғалған, зақым келтірілген немесе ұрланған заттар үшін жауапты емес. 

Жиһаз және фурнитура

       Жатақхана ортақ қолданыстағы жиһазға жауапты болғандықтан қызметкерлерінің алдын ала келісімінсіз жатақхана тұрғындарына бөлмедегі немесе қоғамдық жерлердегі жиһаздың, шамдардың немесе төсек жабдықтарының орнын ауыстыруға немесе оны өзгертуге рұқсат етілмейді. Кеңістіктің жетіспеушілігіне байланысты бөлмедегі жиһаздар жатақхананың басқа аймақтарында сақтауға қойылмайды. Осыған қоса теледидар немесе оқу бөлмелері және басқа да ортақ қолданыстағы жерлер барлық тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жиһазбен жабдықталған. Шектеулі уақыт аралығында ғана жатақхана әкімшілігімен немесе жатақхана меңгерушісімен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде демалыс немесе басқа да ортақ қолданыстағы бөлмелердің жиһазының орнын студенттердің ауыстыруына рұқсат етілмейді. Қоғамдық жерлерден жиһаз бен құралдарды рұқсатсыз алу дисциплинарлық әрекеттерді қолдануға әкеліп соқтырады. Колледждің мүлігін жатақханадан рұқсатсыз шығарған жағдай ұрлық ретінде қарастырылады және заңға сәйкес жазаланады. Ортақ қолданыстағы жиһазды зақымдану құны жауапты тұлғадан өндіріледі және дисциплинарлық жазалауға соқтырады. Жатақханадан шығу кезінде студент әкімшіліктен кету қағазын толтыру қажет және инвентаризацияға сәйкес жатақхана мүлігін қайтаруға тиіс.

 

Тазалық

       Бөлмені таза ұстау бөлме көршілестерінің міндеті болып табылады. Бөлмелес көршінің құқықтарын сақтай отырып әрбір тарап өз талғамына сәйкес тұрғылықты жерін өзіне қолайлы етіп ұйымдастыра алады. Бір тараптың тазалық ережелері екінші тұлғаға кері жағдай туғызбауы тиіс. Қоғамдық қолданыстағы жерлердің тазалығын сақтау әрбір студенттің міндеті. Студенттер бөлмелерінен тыс аймақтың да тазалығына жауапты. Вандализм немесе қосымша тазалық шараларын талап ететін жағдайлар жауапты тұлғалардан талап етіледі.

Жатақхана әкімшілігімен анықталған уақытта жатақханада тұратын студенттер жатақхананың ішкі және сыртқы аумағында тиісті тазалық шаралрына (ерікті тазалық апталықтары) қатысуға тартылады. Аталмыш тазалық шаралары жатақхананың ақпарат тақтасында/стендтерінде хабарланады.

 

Келтіріген зақымдарды өтеу

Жатақхана құнын мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтау үшін колледж мүлігін ұрлаған, жоғалтқан немесе оған зақым келтіруге байланысты шығындар тұрғынның депозиттік шотынан өндіріледі, ал ол сома депозит сомасынан артқан жағдайда қосымша талап етіледі және дисциплинарлық шараларды қолдану негізі болып табылады. Студенттер бөлмелеріндегі жиһаз бен фурнитура және жатақхана аумғындағы мүлік үшін жауапты. Қалыпты тозу жағдайларынан басқа жиһаз зақымдану шығындары тұрғыннан өтеледі және сәйкес дисциплинарлық жазаға тартылады. Немқұрайлы әрекеттерінің салдарынан колледж нысанына қандай да зиян келтірілген жағдайда (мысалы қыс кезінде терезені ашық тастау салдарынан жылыту құбырының жарлысына соқтыру) студент қаржылық жауапкершілікке тартылады.

 

Кілттер мен құлыптар

      Жатақханаға кірген кезде тұрғынға бөлменің жеке кілті беріледі. Тұрғындардың жеке мүлігін сақтауда колледж барынша қолдау көрсетеді. Жатақхана тұрғындары қысқа мерзімге болса да, ұйықтау кезінде немесе басқа кездерде бөлмеден шыққан кезде есіктерін кілтпен жауып жүруге тиіс. Егер олар өз кілттерін басқа тұлғаға беретін болса, оның салдарына жеке өздері жауап береді. Университет жеке заттардың жоғалуы жауапкершілігінен бас тартады. Егер тұрғындар кілттерін жоғалтса, ол туралы әкімшілікті немесе жатақхана ассистентін дереу хабардар етулері тиіс. Егер студент бөлмесінің кілтін зақымдаған болса, оның орнына берілген жаңа кілттің құны өндіріледі және зақымдалған кілтті қайтару талап етіледі. Барлық шығындар студенттің депозит шотынан алынады. Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашуға рұқсат берілмейді және заңсыз әрекет болып саналады. Егер студенттер құлыптарының сынғанын байқаған болса дереу жатақхана қызметкерлеріне хабаласуға міндетті. Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашу қауіпті әрекет және келтірген шығындар студенттен өтеледі, сонымен қатар дисциплинарлық әрекеттердің қолданылуына соқтырады.

 

Теледидар және оқу бөлмелері

       Теледидар және оқу бөлмелері барлық тұрғындар мен олардың қонақтарының қолданысына және көңіл көтеруіне берілген. Аталмыш орындардың тазалығын сақтай отырып және ұқыпты қолданыңыздар. Демалыс бөлмелеріндегі жиһазды қону үшін қолдануға тыйым салынады. Егер ортақ қолданыстағы жерлерде қараусыз қалдырылған заттар ұзақ уақыт иесіз жатса арнайы жерге сақтауға қойылады. Жиһаз және фурнитура тарауын қараңыз.

 

Жауапкершілік 

       Студенттер бөлмесіндегі немесе жатақхананың қоғамдық жерлеріндегі, ас ішу бөлмелерінде немесе сақтау орындарындағы жеке заттардың жоғалуына немес зақымдалуына колледж жауапты емес. Сондықтан студенттер жеке заттарының сақтығын өздері қамтамасыз етуге тиіс.

 

Қауіпсіздік камералары

       Қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету үшін және студенттердің қоршаған ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік камералары жатақхананың әрбір қабатында орналастырылған. Қандай да бір тәртіп бұзушылық камерада тіркелсе, оларға Студенттік істер жөніндегі дисциплинарлық комитет тарапынан әкімшілік шаралар қолданылады және/немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына жол ашады. Қауіпсіздік камераларының жұмысына заңсыз араласу қатаң дисциплинарлық жазаның қолданылуына, оның ішінде жатақханадан шығару, колледжден уақытша шеттету немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына әкеліп соқтырады.

 

Тәртіп ережелрін бұзу

     Жатақхана тұрғындары тәртіп ережелерін сақтауға тиісті. Жатақхана аумағында тәртіп бұзушылықтарға жол берсе немсее оларға қатысса, бұндай тұлғалар дисциплинарлық жазалануға жатады. Тәртіп бұзушылықтарға жатақхана қауымдастығынын жағымды ортасына қауіп төндіретін, кедергі келтіретін немесе зиян келтіретін барлықәрекеттер жатады. Тыныштықты сақтау өтініштері туындаған кез келген уақытта студенттер оларды орындауға міндетті.

 

Шу 

       Колледж оқу жетістіктеріне қолдау көрсететін жағымды ортаны құру үшін бар күшін салады. Осындай ортаны қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірден бір жағдай – шу. Студенттер басқаларға кедергі келтіретін өздерінің немесе қонақтарының әрекеттеріне байланысты өтініштерді дереу тоқтатулары тиіс. Табиғаты мен шығаратын шу деңгейіне байланысты жатақханада дабыл (барабан) қолдануға рұқсат етілмейді. Тынығу уақытынан басқа кездерде жатақхана тұрғындары басқа аспаптарды өз бөлмелерінде ойнай алады. Бұндай әрекеттер басқалардан наразылық тудыратын болса, аспапта ойнау тоқталуы тиіс. Бір бірімен сыпай болу ережесі әрқашан сақталуға міндетті. Тұрғындар өз бөлмелерінде стерео және басқа аудио жабдықтарын қоюға құқылы. Бірақ аталмыш жабдықтарды қолдану барысында басқалардың тынығу немесе сабақ оқу сағаттары кезінде кедергі келтірмеуін қадағалаңыз. Сыртта ойнатылатын барлық аудио жабдықтар рұқсат етілген шу деңгейінен аспауы тиіс. Шу деңгейі (бас дыбыстарын қоса алғанда) есік жабық күйінде басқа тұрғындарға естілмеуі тиіс. Стерео ашық терезе жағдайында қосылмағаны жөн. Шу деңгейінің артық мөлшерін тудыратын стерео жабдықтар жатақхана директорының шешімімен арнайы сақтау бөлмесіне оның белгілеген уақыт мерзіміне дейін сақталуы мүмкін. Тынығу сағаттары кезінде музыкадан ләззат алғысы келетіндер үшін құлаққаптарды қолданған жөн. Жатақханада сабвуферлерді қолдануға тыйым салынады. 

Тынығу сағаттары

     Тынығу сағаттары түнгі 22.00-ден таңғы сағат 07.00-ге дейін әрекет етеді. Аталған уақыт аралығында басқаларға кедергі келтіретін әрекеттер орын алмауы тиіс. Шу жабық есік жағдайында сыртқа естілмеуі тиіс.

Темекі шегу 

      Жатақхана ғимараты, студенттердің бөлмелері, демалыс аймақтары, холлдар, асхана, кір жуу бөлмесі және т.с.с. жалпы қолданыстағы аумақтарда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шеккен студенттер туралы хаттама толтырылады және ондай студенттер дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.

 

Алкогольді ішімдіктер 

     Жатақханада алкогольді ішімдіктерді сақтауға және ішуге болмайды. Осы ережені бұзған студенттер жөнінде хаттама толтырылады және дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.

Басқа тұрғындардың құқықтарын құрметтеу 

       Бір кеңістікте тұратын тұлғалар арасында бірлесіп әрекет ету аса маңызды болып табылады. Әрбір тұлғаның құқықтары сақталатын орта құру –жатақхана тұрғындарының міндеті. Өз әрекетіңізге мұқият болыңыз. Егер жатақхана тұрғыны әрекеттерімен немесе мінез-құлқымен басқалардың құқықтарын бұзатын болса, олар басқа студенттердің немесе қызметкерлердің өтініші бойынша өзін-өзі сыпайы және мәдениетті ұстауға тиісті. Ал бұндай өтініштерге қарамастан мінез-құлқын түземесе, Жатақхана меңерушісіне  хабарласыңыз. 

 

Келіп-кетушілерге арналағган ереже

       Адамдар көп шоғырланған жерде шу деңгейінің жоғары болуына және өрт туындау мүмкіндігіне байланысты бөлемеде бес адамнан артық қонақтың жиналуына рұқсат етілмейді. Жатақхана тұрғындары болып табылмайтын қонақтар (қонуға қалмайтын) келесі ережелерді сақтаған жағдайда келуге рұқсат етліген:

  • Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақтарға сағат 11.00-ден 22.00 –ге дейін келуге рұқсат етілген
  • Қонақтар Қауіпсіздік қызметкеріне жеке куәлігі мен қонаққа келген тұлға туралы мәліметтерді (аты-жөнін, телефон нөмерін, бөлменің нөмірін) ұсынуға тиіс. Қауіпсіздік қызметкері ұсынылған жеке куәлікті/-терді қонақ/тар жатақханадан қайтқан кезінде қайтарып береді.
  • Қонақтар жатақханадан сағат 22.00-ден кешікпей шығуға тиіс
  • Егер қонақтарға арналған ережелер бұзылса, студентке ескерту беріледі. Ереже бұзушылық қайталанған жағдайда оған жатақханаға кіруге тыйым салынады.
  • Колледж студентінен басқа тұлғаларға сағат 22.00-ден кейін жатақханаға кіруге тыйым салынады.
  • Жатақхана әкімшілігі студенттің жеке заттары және бөлмедегі басқа мүлігінің қауіпсіздігі үшін жауапты емес.
  • Қонақ қабылдаушы студент барлық келушілердің/қонақтардың жүріс-тұрысына жауапты және олар жатақхана тәртібі мен ережелерін бұзған жағдайда тәртіп жазасына тартылады. Куәлігінде суреті жоқ кез келген тұлғаға кіруге рұқсат берілмеуі немесе ғимараттан шығарылуы мүмкін.

 

Бөлмеге кіру 

      Студенттер олардың бөлмелеріне жатақхана қызметкердері немесе колледждің басқа ресми өкілінің кіруіне тыйым салуға немесе кедергі келтіруге (физикалық немесе визуалды түрде жол бермеуге) қақысы жоқ. Аталмыш ережені бұзу дисциплинарлық шараларды қолдануға әкеліп соқтырады. Кестеге сәйкес тазалық тексерістерімен қатар басқа негізде колледж қызметкерлері жатақхана тұрғынының бөлмелеріне кіру құқығына ие. Колледж тұрғындардың жеке өмірге деген құқықтарын алдыңғы орынға қояды, бірақ кейбір жағдайларда техникалық қызмет көрсету мақсатында, колледж ережелерін бұзушылықты сезіктенген немесе төтенше жағдай орын алу күдігі туындаса, олардың бөлмеге кіру қажеттігі туындайды.

Жатақхана тұрғынының бөлмесіне кіру тәртібі:

       Қызметкерлер кірмес бұрын есікті қағуы тиіс, алайда қауіпті жағдай орын алып жатыр деген күдік туындаса, рұқсатсыз кіруге құқылы. Егер тұрғын қызметкерге кіруге рұқсат беруден бас тартса және қызметкер тұрғынның өзіне немесе мүлігіне қауіп төніп тұрғанын нақты білсе немесе тұрғындар жатақхана ережелерін бұзып жатқандығы туралы сенімді болса, қызметкер өз кілтін пайдаланып бөлмеге кіруге құқылы.

Бөлмеге кіруге рұқсат етілген жағдайлар:

  • Төтенше жағдайлар;
  • Өрт қаупі туындаған жағдайда барлық тұрғындардың ғимараттан шыққандығын тексеру үшін бөлмеге кіру міндетті шарт. Егер тұрғындар бөлмеден шығудан бас тартса, оларға қарсы қатаң дисциплинарлық әрекеттер қолданылады.
  • Кестеге сәйкес инвентарь тексерісі. Тексерістің өтетін уақыты мен күні туралы алдын-ала хабарлама жіберіледі.
  • Бөлмеде болып жатқан оқиға/жағдай басқа тұрғындарға үнемі кедергі жасаса, мысалы: радио, оятқыш, стереро және басқалары тоқтаусыз ойнаған жағдайда;
  • Қару, жарылғыш заттар немесе жанғыш заттар бөлмеде сақталуы туралы ақпарат болса;
  • Алкогольді ішімдік, есірткі немесе басқа заңсыз заттардың бөлмеде болуын тексеру кезінде;
  • Жатақхананы жабу, оның ішінде демалыс уақытында, ғимарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.