Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.

 

Оқу үрдісіне дуальды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтелетін нәтижелер:

– Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;

– Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешемін табады;

– Оқу орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;

– Жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальды оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады.

Дуальды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық  және кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлауды жетілдіру.

Біздің оқу орынымызда дуальды оқыту жүйесі 2014-2015 оқу жылынан бастап қолға алынды. Алғашқы болып «Дендрологиялық саябағы» , оқу орыны және басқарма үш жақты келісім шартқа отырып-1508000- «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафты құрылысы» мамандығы бойынша бір топпен жұмыс басталды. Қазіргі уақыттағы бұл көрсеткіш  2018-2019 оқу жылында он мамандық бойынша 20 оқу тобындағы 371 білім алушылар дуальды оқыту жүйесі бойынша оқытылса, оның ішінде 31 оқушы бітіріп шықты, 19 оқушы басқа оқу орнына ауысты және білім алушылар қатарынан шығарылды, қалған оқушы саны – 371 болып, ал 2019-2020 оқу жылы төрт оқу тобы 100 білім алушы қосылды, бүгінде 11 мамандықтар бойынша  20 оқу тобында жалпы 471 студенттер дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.

 

Дуальді оқыту бойынша әлеуметтік серіктестер және білім алушылар  саны

р/сКәсіпорындар атауыСтуденттер саныБарлығыМТ бойынша 

9 кл

 

11 кл

1Республикалық фито-санитарлықдиогностика-әдістемелік орталық45454545
2Дендрологиялық саябақ50505050
3“ЯНС” ЖШС50505050
4“Қуат строй” ТОО, Рим -строй сервис ЖШС41414141
5“Гранд Береке” ЖШС,4646462521
6“Глобус плюс” ЖШС44444444
7” Сайрам сут” ЖШС25252525
8“Оңтүстікқабылдау” ЖШС5050502525
9“Нурай-5″ЖШС7171712546
10“Ордабасықұс” ЖШС25252525
11“Нурай-5″ЖШС24242424
 Жалпы471471471334137