«Ветеринарлық арнайы пәндер» кафедрасы

«Ветеринарлық арнайы пәндер» кафедрасы

Мамандық бойынша орта кәсіптік білім беру құқығы ҚР МЖМБС 4.05. 059-2009 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №744 бұйрығы 10.12.2012 жыл, мемлекеттік лицензия № 011 мерзімі шектеусіз.

Оқу – әдістемелік жұмыс

Оқу сабақтары оқу үрдісінің кестесіне сай өткізіледі, сабақ кестесі әр жартыжылдыққа жасалынады, апталық жүктеме 36 сағат 5 күнге бөлінген, оқу сабақтары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өткізіледі, бір қосарланған сабақтың ұзақтығы -90 минут.

Әрбір оқытушы және өндірістік оқыту шебері жоспарларын даярлап, оқу-әдістемелік кешенін жинақтаған. Жалпы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері өз мамандықтарын жетік меңгерген. Оқу жұмысының есебі орта арнаулы оқу орындарына қаралған арнайы журналда жүргізіледі.

Мамандық бойынша оқу-әдістемелік жұмыс төмендегі негіздер бойынша жүргізіледі:

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандарты

Жұмыс оқу жоспары

Типтік және жұмыс бағдарламалары

Оқу үрдісінің кестесі

Жаңа жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша типтік оқу бағдарламалары, жаңа стандартқа байланысты оқу жұмыс бағдарламаларын жасап  әдістемелік кеңестің 28.08.2019 жылдағы отырысында бекітілген.

Білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауы үшін оқытушылар тәжірибелік, курстық жұмыстар мен жобалар, үй тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқауларды жасап шығарды. Мамандық бойынша ғылыми әдістемелік, оқу-әдістемелік жұмыстар оқу жылының басында бекітілген колледждің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мамандықтағы пән оқытушылар өткен оқу жылында өз біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау орталығында  педагогикалық біліктілігін көтеру курстарынан өтті.

1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша оқыту мерзімі – 9 сынып негізінде –    3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде -2 жыл 10 ай. Оқыту күндізгі түрде, мемлекеттік тапсырыс және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Бітірушілерге мамандықтары бойынша аталған біліктілік беріледі:

Біліктілігі: 151301 2  «Жануарларды ветеринарлық өңдеуші оператор»

151301 2 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы

1513032   «Ветеринарлық санитар»

1513063 «Ветеринарлық техник»

1513083  «Ветеринарлық фельдшер-инспектор»

1513053  «Ветеринарлық фельдшер»

Көрсетілген мамандық бойынша білім алушылар бюджет және келісім – шарт негізінде оқиды. Бітірушілер өз бетінше жұмысқа  орналасады.

Кадрлар әлеуетін талдау

1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар толығымен қамтамасыз етілген. «Ветеринарлық арнайы пәндер» кафедрасында 14 оқытушы бар

Оқытушылардың барлығы жоғары білімді.

Ғылым кандидаттары-2

Жоғары санатты оқытушылар-1

І санатты оқытушылар -3

ІІ санатты оқытушылар -5

Санаты жоқтар -3