Апелляция туралы ереже

Апелляция туралы ереже

апелляциялық комиссиясы туралы

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Апелляциялық комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 “Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі”бұйрығы  негізінде әзірленді.

1.2. Апелляциялық комиссияның дербес құрамы колледж директорының бұйрығымен бекітіледі және оның төрағасы анықталады.

1.3. Комиссия колледжге оқуға түсу үшін  тест тапсыру  кезінде жұмыс істейді.

1.4. Апелляциялық комиссия мүшелерінің қызметін бақылауды қабылдау комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

  1. Апелляциялық комиссияның құрамы

2.1. Комиссия құрамында бір пәннен кемінде екі оқытушы  болуы керек: циклдік әдістемелік комиссия төрағалары және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның құрамынан төраға басқарады, ол оны белгіленген тәртіппен ұйымдастырады

  1. Апелляциялық комиссияның өкілеттіктері мен функциялары

3.1. Апелляциялық комиссия бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету,  колледжге түсушілердің құқықтарын қорғау және түсу тестілеуін өткізу кезінде емтихан жұмыстарын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу мақсатында құрылады.

3.2. Комиссияның негізгі функциялары:

  • колледжге түсуші талапкерлердің апелляцияларын қабылдау және қарастыру;
  • қойылған балдардың  түсу тестілеуі бойынша жұмыстарды бағалаудың қабылданған талаптарына сәйкестігін анықтау;
  • қойылған балдардың сәйкестігі туралы немесе басқа баға қою туралы шешім қабылдау (ол жоғарылаған жағдайда да, төмендетілген жағдайда да);
  • қабылданған шешім туралы хаттаманы ресімдеу және оны түсушінің назарына жеткізу (қол қою арқылы);

3.3. Комиссия өз функцияларын орындау мақсатында қабылдау тестілеу материалдарын, сондай-ақ түсушілердің жауаптарын тексеру нәтижелерінің хаттамаларын қарауға құқылы.

  1. Апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыру

4.1. Комиссия жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда  колледж директорының бұйрығымен тағайындалған төраға орынбасары басқарады.

4.2. Апелляциялық комиссияның шешімдері комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының шешуші дауыс беруге құқығы бар. Комиссияның жұмысы хаттамалармен ресімделеді, оған төраға және Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

4.3. Комиссия қабылдау тестілеу кестесінде көрсетілген апелляцияларды өткізу күндері жұмыс істейді. Апелляцияны өткізу орнын қабылдау комиссиясы қосымша көрсетеді.

 

  1. Апелляцияларды қарау тәртібі

5.1. Колледж өткізетін түсу тестілеуге қатысатын оқуға түсушілер апелляция беруге құқылы.

5.2. Апелляциялық комиссия төрағасының атына түсушінің не бағаның төмендеуіне әкеп соққан түсу тестілеу рәсімінің бұзылуы туралы не оның пікірі бойынша, бағаның төмендеуіне әкеп соққан түсу тестілеуге қойылған балдардың қателігі туралы дәлелді жазбаша өтініші апелляция болып табылады. Апелляцияларды қарау барысында қойылған балдардың дұрыстығы және түсу тестілеуін өткізу тәртібінің сақталуы ғана тексеріледі.

5.3. Төмендегі сұрақтар бойынша апелляциялар қабылданбайды:

  •  емтихан тапсырмаларының мазмұны мен құрылымына қатысты;
  •  оқуға түсушілердің түсу тестілеуінде мінез-құлық ережелерін бұзған жағдайда;
  •  емтихан жұмысының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда;
  •  емтихан жұмысын орындау жөніндегі нұсқаулықты бұзған жағдайда.

Екінші тұлғалардан, оның ішінде оқуға түсушілердің туысқандарынан апелляциялар қабылданбайды және қаралмайды. Түсушінің нашар көңіл-күйіне сілтеме аппеляцияға себеп болып табылмайды және қараусыз қалдырылады. Ауруы туралы медициналық анықтамалар қабылдау комиссиясына оны тапсырғаннан кейін емес, қабылдау тестілеуі басталар алдында ұсынылуы тиіс.

5.4. Қабылдау емтиханынан алған балмен келіспеген түсуші қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы арқылы аппеляциялық комиссия төрағасының атына жазбаша апелляция береді, ол аппеляцияларды тіркеу журналында тіркеледі.

5.5. Апелляцияны қабылдау мерзімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді.

5.6. Апелляцияға өтініш түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі. Бұл ретте оқуға түсуші колледж белгілеген тәртіппен өзінің емтихан жұмысымен танысуға құқылы.  Көрсетілген мерзімде келмеген оқуға түсушілер үшін қайта апелляция тағайындалмайды және өткізілмейді.

5.7. Түсушінің апелляцияны қарау кезінде қатысуға құқығы бар. Егер ол кәмелетке толмаған (18 жасқа дейін) болса және заңнамаға сәйкес кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті деп танылмаған жағдайда, апелляцияны қарау кезінде оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) біреуінің қатысуға құқығы бар. Аталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы тиіс.

5.8. Апелляцияны қарау қайта емтихан болып табылмайды. Жұмысқа түзетулер енгізуге жол берілмейді. Апелляцияны қарау кезінде жазбаша емтихан бойынша түсушінің жазбаша жұмысына қайта тексеру жүргізіледі.

5.9. Апелляцияны қарау, емтихан жұмысының мазмұнын зерделеу және талдау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия шешім қабылдайды:

  • апелляцияны қанағаттандырудан бас тарту және ұпайларды өзгеріссіз қалдыру туралы;
  • апелляцияны қанағаттандыру және емтихан балдарын өзгерту туралы.

5.10. Комиссия шешімдері хаттамалармен ресімделеді және қажет болған жағдайда оқуға түсушінің емтихан жұмысына және емтихан парағына өзгерістер енгізіледі. Қойылған балдарға қатысты апелляциялық комиссияда келіспеушіліктер туындаған жағдайда дауыс беру жүргізіледі және баға (балдар) көпшілік дауыспен бекітіледі.

5.11. Апелляциялық комиссияның хаттамамен ресімделген шешімі келіп түскен адамның назарына жеткізіледі (қол қойғызып) және жеке істе қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады.

5.12. Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

5.13. Комиссия хаттамалары апелляцияға өтініштермен, емтихан парақтарымен және жауап парақтарымен бірге қабылдау комиссиясына беріледі.