“Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі” бейне сабақ «Тілдер» кафедрасының «Үштілділік-кәсіби құзіреттіліктің негізі» апталығы аясында Сатқанбаева Гүлдана «Экотуризмнің ерекшеліктері. Тілдік бағдар: “Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі” тақырыбында қазақ тілі пәнінен ЖК9-201 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті.
“Ж. Жабаев 170 жыл” топ сағаты Тілдер» кафедрасының «Үштілділік-кәсіби құзіреттіліктің негізі» апталығы аясындағы Айдарова Лаура, Жиенбаева Динара «ХХ ғасырдың ұлы жырауы- Жамбыл Жабаев» ақынның 175 жылдығын қоса А-181 оқу тобында ашық топ сағатын онлайн форматта өтті. https://www.youtube.com/watch?v=NydGV_Ay91c
Талапкерлерді шақырамыз! Мамандық: 08110400 – «Өсімдікті қорғау және карантин» Біліктіліктер: 3W08110401 – «Лаборант»; 4S08110403 – «Өсімдікті қорғау және карантин жөніндегі техник». Мамандық сипаттамасы: Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі: 1. 3W08110401 – «Лаборант» – негізгі орта білім базасында – […]
Талапкерлерді шақырамыз! Мамандық: 08110300 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» Біліктіліктер: 3W08110301 – «Көкөніс өсіруші»; Мамандық сипаттамасы: Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі: 3W0811030 1 – «Көкөніс өсіруші» – негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай; – жалпы орта білім базасында –10 ай, 1 жыл 10ай. Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт […]
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай […]
Талапкерлерді шақырамыз! Мамандық: 07161600 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Біліктілігі: 4S07161604 – «Техник-механик» Мамандық сипаттамасы: Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі: 4S07161604 – «Техник-механик»- негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай; – жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай. Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге […]
Бейне сабақ айдары «Тілдер» кафедрасының «Үштілділік-кәсіби құзіреттіліктің негізі» апталығы аясындағы Найманбаева Назирке: Ю.Домбровский «Хранитель древностей» тақырыбында орыс тілі пәнінен ЖК9-201 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://drive.google.com/file/d/1aeRRP6msMwo3XheHSkGLZflFt4e2HUcE/view?fbclid=IwAR0rMTEXbYKrHF6TlOw20BylFM1E4IlUXeb1nOuH8bvyWqeu7QbdCiu-Gmc
Талапкерлерді шақырамыз! Мамандық: 08110100 – «Агрономия» Біліктіліктер: 4S08110103 – «Агроном» Мамандық сипаттамасы Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі: 4S0811010 3 – «Агроном» – негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай; – жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай. Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге […]
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Тілдер» кафедрасының “Үштілділік кәсіби құзыреттіліктің негізгі” апталығы аясындағы үнжариясы, https://www.youtube.com/watch?v=rPPNWX0cNvc
Ұлағатты ұстаз! Раманкулова Кенжеш Егизеккызы- «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» МКҚК–ның арнайы пән оқытушысы; «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2016 – 2020 жылдарда штаттан тыс тренері. ⇒ Туған жылы: 23.12.1963 ж ⇒ Білімі: Жоғары ⇒ Қазақстан Республикасның қандай мемлекеттік наградалары: Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы ⇒ Жалпы жұмыс өтелі:40 жыл ⇒ Саладағы жұмыс […]
Республикалық 10 үздік оқу орнының бірі, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден жоғары деңгейде өткен – ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ,АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ талапкерлерді оқуға шақырады. Колледжде жаңа технологияларды игерген, бәсекеге қабілетті мамандар даярланады. Кәсіби маман атанғың келсе, талапқа сай жабдықталған дәрісханалары, мықты теxникалық – материалдық базасы бар, білікті ұстаздар дәріс беретін Түркістан жоғары көпсалалы,аграрлық колледжіне кел!!! Мекен жайы: Тассай […]
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымға сүйене отырып, “Өзін-өзі басқару” ұйымы жұмыс жасайды. “Өзін-өзі басқару” ұйымы-жалпы адами құндылықтарға бағытталған, еркін негізде құралатын өзін-өзі құраушы, өзін-өзі басқарушы қоғам. “Өзін-өзі басқару” ұйымы-ашық, демократиялық, өзіндік қалыптасқан құрылым. Сонымен қатар ұйым-жастардың ұйымдастыру қабілетін және өзара қоғамдық қатынастар мен жауапкершілікті сезіну, танымдық шығармашылық […]
Ұлы Отан соғысына 76 жыл толуына орай музейде ОҚМПУ-дың 1-курс студенттеріне “Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаев” тақырыбында лекция оқылды. Лекцияны оқыған: “Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) бөлімінің ғылыми қызметкері Бибігүл Тойшыбекова. Музей – мәдениет мәйегі, тарихи сана тірегі.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазық-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы “Ашық микрофон” алаңында кездесу өткізетін болады. […]
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Nur Otan» партиясы іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылдың 21 сәуірінде Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Агрономия», «Орман шаруашылығы» және «Экология» мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары мен білім алушылары арасында «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында қашықтықтан онлайн форматта колледжішілік конференция өтті. Конференцияға ғылыми зертеу институттарының ғалымдары, колледждің арнайы пән оқытушылары мен […]
Экономикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Құрмантаева.М, Серікбаева.Ж «Семей полигонының Қазақстан экономикасына тигізген әсері» тақырыбындА топ сағатын өткізді. Топ сағатының мақсаты: Білім алушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәлімдей отырып қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіргені және Семей полигонын жабуға күш салған қоғам қайраткерлерімен таныстыру.
Ғылыми және әдістемелік жұмысты дайындауға әдістемелік көмек. Педагогикалық шеберлік мектебінде Директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары Қазыбаева Алима Тасболатовна «Ғылыми және әдістемелік жұмысты дайындауға әдістемелік көмек» тақырыбында ZOOM бағдарламасында колледж оқытуышыларына тәжірибе алмасу вебинарын өтті. https://www.facebook.com/photo?fbid=1194204037706520&set=pcb.1194204444373146
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Ширенханова Таңшолпан Хасенқызы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
ЖК9-201 тобының жетекшісі Г.Сабырханова «Ұлттың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов» атты ашық топ сағатын өткізді. Топ сағатының мақсаты: Қазақ зиялысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қазақ халқының тағдыры жолында күрескен еңбектерін жас жеткіншектерге жеткізу болып табылады.
Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының арасында өткізілген «Үздік колледж оқытушысы-2021» байқауына Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Камалов Курбанали Абидаевич қатысып, 23 колледждің арасынан І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Алихан Бөкейхановтың оқулары өтті. Мақсаты: Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін орны бөлек екені белгілі. Осындай халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның […]
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Заманауи кәсіптік білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерінің маңызы және салауатты өмір салты» апталығы аясындағы Абдуллаев Қазбек «Допты тебу және үйретілген тәсілдермен тоқтату техникасын үйрету» тақырыбында Вф9-183 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://disk.yandex.kz/d/zBirbrgXZIRvEg?w=1&fbclid=IwAR33rQJBgzauhWOplmroyJak9hmBrgww-1Qqhz4gA4gkyYc20QrApcxUhGk
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» және Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Түркістан облысы Жайдарман филиалының ұйымдастыруымыен «Маусымашар 2021» ойындары өтті. Ойынға Қазығұрт,Келес, Жетісай, Мақтаарал, Отырар, Төлеби, Сайрам, Ордабасы, Жаңақорған аудандарынан және Шымкент пен Түркістан қалаларынан 14 команда қатысты. Соның ішінде колледжіміздің «АГРО NEWS» КВН командасы бағын сынап, алдағы қыркүйек айында өтетін ойынға жолдама алды. Колледжіміздің жайдарманшыларын […]
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Заманауи кәсіптік білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерінің маңызы және салауатты өмір салты» апталығы аясындағы Ратанова Шолпан, Құрамысова Айжан «Педагогикалық дизайн » тақырыбында Жас оқытушылармен онлайн форматта тәжірибе алмасты. https://drive.google.com/drive/folders/1GTGZ8sbkLlVdql5xvL_oc5q9pAyPr99D?fbclid=IwAR0MY-bFfSMiMQZdRitBElXFvY9BQBPc1eKwYqJP–iqVvBmSQwKQI_YDUY
Экономикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Абдрахимова Б, Утешова Г. «Семей полигонының Қазақстан экономикасына тигізген әсері» тақырыбында бейне-ролик дайындап оқу топтарына ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Болашақ өскелең ұрпаққа Семей ядролық полигонының қазақ халқына тигізген жан түршігерлік экологиялық зардаптарының тарихын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізген залалдары мен кері әсерін жеткізе отырып, оларды бабаларымыздың қылыштың жүзімен, найзаның […]
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына » арнап биылғы жаңадан түскен оқушылар арасында кіші футбол ойынынан жарыс өтті.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы №19 колледж МКҚКМ-де “Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Әл-Фараби және қайырымды жастар” тақырыбы аясында Зоом платформасы арқылы барлық оқу топтарында тәрбие сағаты жұмыстары жүргізілді.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Заманауи кәсіптік білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерінің маңызы және салауатты өмір салты» апталығы аясындағы Қасымсеитов Нұрлыбек «Қол добы ойын техникасын үйрету» тақырыбында Вф9-201 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://disk.yandex.kz/i/iKGB9mmdMcJKvQ?fbclid=IwAR3yTkPVVxpxFCej0Ma3McU4wcwR5UskLtboTkFsWgy–MJ1A6TPumWbtcc
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, «Тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен поэзиялық кеш өтті. Поэзиялық кештің мақсаты:білім алушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі білім алушылары “Өмірімізді бірге сақтайық!” атты эстафетаны барлық оқу орындарына жолдайды! @shymqala_zhastary @turkistan_jastary @turkistan_agro @turkistan_agro_jastary https://www.facebook.com/100013508042131/videos/1185113025282288
Араға 1 жыл салып Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде «Өзгерістер маусымы» тақырыбымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және «Күлкі күні» қарсаңында ЖАЙДАРМАН әзілқойлар мен тапқырлар сайысының Маусымашар ойыны өтті. Ойынға жоғары және орта топтың білім алушылардан құралған 6 команда бақтарын сынады. Маусымашар ойындарының қатысушылары директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сандуғаш Дүйсенбайқызының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Заманауи кәсіптік білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерінің маңызы және салауатты өмір салты» апталығы аясындағы Вакасов Ермек «100 метрге жүгіру тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында ТК9-171 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://disk.yandex.kz/a/Ij161HzvvN-7lQ?fbclid=IwAR2TQyYEiylyoqdjd2soDVhuk4C8NoSqR7Lki7zFy8v6AMyb67EFg-9zA_k
Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл өлеңдері» атты жыр байқауы өтті. Байқаудың мақсаты жастарды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығы мен асыл мұраларын насихаттау.
М9-201 тобының жетекшісі О.Әміров «Артықша туған азамат» атты ашық топ сағатын өткізді. Топ сағатының мақсаты: білім алушыларды Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны және шығармашылығымен таныстыру. Жамбыл Жабаевтың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу. Поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, ақынның талпынысы мен табандылығынан үлгі алуға баулу.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайбергенова Ақмарал Асанқызының бастамасымен ғылыми қызметкерлер мен экскурсовод мамандарының әлеуетін (потенциалын) кешенді және жан-жақты дамыту, музей жәдігерлеріне байланысты материалдарды ғылыми жүйелеу үшін “Жанданған жәдігер” жобасының жоспары бекітілген болатын. Жоспарға жүйеленген жоба ережесіне сай күнделікті бір қызметкерден тізім бойынша тыңдалым жүргізіледі. 1-ші сәуір күні аталған жобаның алғашқы жұмысы өтті. Музейдің ғылыми […]
«Әлеуметтік – экономикалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген ХХ ғасырдың басында халық тағдыры үшін күрескен қазақ зиялыларының бірегейі Ә.Бөкейхановтың 155 жылдық мерей тойы қарсаңында «Ә.Бөкейханов және тәуелсіздік тағылымы» атты 1 курс білім алушылары арасында шығармашылық жұмыс жүргізілді. Шығармашылық жұмыста Қазақ халқының болашағы үшін күрескен ұлт зиялысы Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық саяси істері және ұстанымдарын кейінгі […]
Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде парасаттылық мектебінің жоспарына сәйкес «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында Абай атамыздың парасаттылық туралы өлең, қара сөздерін жатқа айту эстафетасы өтті. https://www.facebook.com/100013508042131/videos/1177675599359364
Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және “Адалдық алаңының” жоспарына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында бейнеролик түсірілді. https://www.facebook.com/100013508042131/videos/1180246752435582
Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқу базасында биогумус өндіруде. Биогумустың негізгі артықшылықтары органикалық тыңайтқыштармен салыстырғанда 15 есе жоғары, құрамында гуминды қышқылдар зиянды организмдердің дамуына кері әсерін тигізеді, топырақтың ылғалдығын 60-70% сақтайды, макро және микро тыңайтқыштарға бай экологиялық таза материал болып табылады.Бұл жоба жылыжайларда арнайы қоректік орта дайындау үшін экологиялық таза өнім биогумусты […]
Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар – кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясында С.Тағаев «Ақша тарихы және қазіргі қалпы» тақырыбында Зоо9-181 тобында онлайн форматта ашық сабақ өтті.
Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар- кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясында «Педагогикалық шеберлік мектебінде» жоғары санатты оқытушылар К.Қани, Ш.Үсентаева «Жаңартылған оқу бағдарламасының жалпы білім беретін пән оқытушыларына тиімділігі» тақырыбында ZOOM бағдарламасында колледж оқытуышыларына тәжірибе алмасу вебинарын өтті. https://www.youtube.com/watch?v=T32AE2k-vmU
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Жүнісов Дамир Дәулетұлы “Ашық микрофон” алаңында кездесу өткізетін болады. Осыған орай, Сіздерді […]
Бұл күні әр адам мүмкіндігінше тым болмаса бір игі іс жасауы тиіс. Осыған орай Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің волонтерлары аз қамтылған және көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің №1Студенттер үйінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аталып өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары гір тасын көтеру, асық ату, қол күрестен жастар арасында жарыс өтті. Сондай-ақ, ән айтылып, күй тартылып мерекелік концертке ұласты. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс […]
Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі-Қазақтың жаңа жылы – 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын! Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты […]
Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Сондықтан қазақ халқы бұл мейрамда “Қыз қуу”, “Көкпар”, “Жамбы ату”,”Аударыспақ”, “Арқан тартыс”, “Теңге ілу” сынды түрлі ойын ойнаған. Мереке қарсаңында Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде ұлттық ойындар ойнатылды. Олардың ішінде асық ату, арқан тартыс […]
Алғыс айту күні – қазақ даласындағы ұлттар достығын нығайтатын мереке. Аталған мереке күні Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде мерекелік дастархан жайылып, колледж басшысы алғыс айту күнімен барша ұжымдастарды құттықтап, өз алғысын білдірді.
Жаңартылған оқу бағдарламасының жалпы білім беретін пән оқытушыларына тиімділігі. Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар- кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясында «Педагогикалық шеберлік мектебінде» жоғары санатты оқытушылар К.Қани, Ш.Үсентаева «Жаңартылған оқу бағдарламасының жалпы білім беретін пән оқытушыларына тиімділігі» тақырыбында ZOOM бағдарламасында колледж оқытуышыларына тәжірибе алмасу вебинарын өтті.
Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар- кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясында «Жас оқытушылар мектебінде» жоғары санатты оқытушылар Б.Абдрахимова, Г.Утешова «Сабақты талдауға қойылатын жалпы талаптар. Өзіндік талдау» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: Жас мамандарға сабақты талдауға қойылатын жалпы талаптарды, өзіндік талдау беру арқылы кәсіби тұрғыдан сәтті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес №19 колледжде, студенттерден онлайн форматта сауалнама жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар- кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясында жоғары санатты оқытушы Г.Утешова «Менеджмент негіздері» пәнінен «Басқару жүйесіндегі жоспарлау және болжау» тақырыбындағы ТК9-171 тобына онлайн форматта ашық сабақ өтті.
«Қоғамдық-экономикалық пәндер» кафедрасының «Инновациялық технологиялар – кәсіптік білім беруде ізденіс пен шығармашылықтың негізі» апталығы аясындағы кафедра үнжариясы жарияланды. https://www.youtube.com/watch?v=CWhCUTrSo2Q
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тұлғаны рухани –адамгершілік тәрбиелеу – қоғамның нысаналы бағдары» атты халықаралық педагогикалық оқулары конференциясына Түркістан жоғары аграрлық колледжінің жоғары санатты оқытушысы Қани Күлсара Құрбанқызы қатысып, сертификатқа ие болды.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінің базасында құрылған Түркістан облысының ТжКББ ұйымдары арасында «Ауыл шаруашылық» саласы бойынша «Агрономия» құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 12 наурызында «Talap» КеАҚ мен Түркістан жоғары аграрлық колледжі бірлесе отырып республикадағы ТжКББ ұйымдарының «Агрономия» мамандықтары бойынша дәріс беретін арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «WORLDSKILLS: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР […]
“BILIM-ORKENIETI” ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік педагог портфолиосы-2020» атты республикалық байқауға Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушысы Кани Кулсара Құрбанқызы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапаталды.
Колледждің Студенттер үйінде “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу” және “Пара нәсіп болмайды” тақырыбында теолог мамандармен кездесу өтті. Кездесу мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын-алу […]
Колледжде «Тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі өтті. «Жамбыл Жабаев» кітап көрмесінде домбыра ұстаған қарт Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы,Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармалары туралы материалдар, сондай-ақ мерзімді басылым беттерінде жарияланған Қазақстанның ақын жазушыларының ол туралы мақалалары мен естеліктері ұсынылды.
Жас оқытушылар мектебінде тәжірибелі арнайы пән оқытушысы Усербаева Назым Абдраевна «Дәстүрлі білім беру процесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: Қашықтан оқытудың ерекшеліктерін зерттеу (қашықтағы сабақтарды ұйымдастыру, жоспарлау). Білім алушыларды қашықтан оқытуға ынталандыру мен қатыстырудың ерекшеліктерін зерттеу (білім алушылардың өзіндік жұмысын қалай ұйымдастыруға болады немесе үй тапсырмасын қалай тексеруге болады және […]
Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы» кафедрасының «Құзыреттілік шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздері» апталығы аясында арнайы пән оқытушылары Ескулова Жұлдыз, Мырзахметова Алтынай, Танишева Молдир колледждің білім алушылары арасында шебер сынып көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=6uOuI0dJtYo
Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы» кафедрасының «Құзыреттілік шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздері» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Жиенбеков Саян «Құс етін өңдеу және одан жасалатын өнімдер» тақырыбында ТМ-201 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://www.youtube.com/watch?v=rbEAaU3oShs
Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы» кафедрасының «Құзыреттілік шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздері» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Ескулова Жұлдыз «Үгілмелі қамырдан жасалған өнімдер дайындау және органалептикалық көрсеткішін бағалау» тақырыбында ТМ9-191а оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://www.youtube.com/watch?v=jxCKc8nfL9o
Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы» кафедрасының «Құзыреттілік шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздері» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Оразбекқызы Ұлжалғас «Суық және ыстық сусындар дайындау» тақырыбында ТК9-181 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті.
Жас оқытушылар мектебінде жоғары санатты оқытушы Кучкаров Амирали «Заманауи білім берудегі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.
«Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы» кафедрасының «Құзыреттілік шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздері» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Танишева Молдир «Салқын тағамдар мен басытқыларды жіберу ережелері» тақырыбында ТМ9-171 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті. https://www.youtube.com/watch?fbclid=IwAR21OGZJ1jZ2IxzQ0Cou5izy0zwvjmW6Km5DpyXSA7-l7LcLnLTfiF5EsKY&v=DxWunRLQCZI&feature=youtu.be
Рақмет айтып ризашылық сезімін білдіру – бата-тілек айту – психологиямыздың мықты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» деген еді. Қазақ тумысынан кез-келген берекелі іске, дүниеге алғысын аямаған, алғыс айтудан қашпаған. Алғыс алу адамның жанын жадыратады. Алғыс естіген сайын жақсы іс тындырып, қуанышымыз еселене түседі, солай емес пе? Алғысқа бөленген […]
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде “Жас ұлан-жастар қанаты” тақырыбында патриоттық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Отан алдындағы жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің №17/1-5-589 хатына сәйкес жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан жоғары аграрлық колледжі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сандуғаш Дүйсенбайқызы және Адалдық алаңы жетекшісі Таңшолпан Хасенқызы «AntiParaCraft» студенттік квест ойынының 10 күндігін қорытындылап, интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын 6 кезеңнен […]
Колледжімізде «Әкелер мектебі» жоспарына сәйкес «Ұл тәрбиелей отырып –жер иесін тәрбиелейміз» тақырыбында онлайн форматта сыр-сұхбат өтті. Іс-шараның мақсаты бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.Отбасындағы әке орнын, рөлін, оның бала тәрбиесіндегі үлесін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Баламен қарым-қатынас құру құпиясы кезеңінде: Өз балаңызды тани білесіз бе? Бала тәрбиесіндегі әкенің үлесі қандай? […]
Жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі аясында Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» тақырыбында «ZOOM» платформасында Брэйнг ринг интеллектуалды ойыны өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Зорлық-зомбылық түрлері және оның бала психологиясына әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Білім алушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, […]
Техникалық және кәсіптік білім беру саласының 8- педагогы «Үздік педагог-2020» конкурсына қатысты. “Үздік педагог-2020” конкурсының жеңімпазы 30-қазан күні Түркістан қаласында «Үздік педагог-2020» байқауының ІІ кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, байқау жеңімпаздары мен БАҚ өкілдері қатысты. Байқау жеңімпазы Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жамкеева Меруерт Ермекбаевна. […]
Баланы қолдау және психологиялық көмек беру бойынша студенттердің ата-аналарына ұсыныстар Түркістан жоғары аграрлық колледжінің педагог-психологі Н.Бейпенова пандемия жағдайында білім беруге байланысты ата-аналарды психологиялық сүйемелдеу мақсатында колледжде білім алатын барлық оқу топтарының ата-аналарының чаттарына «Баланы қолдау және психологиялық көмек беру бойынша студенттердің ата-аналарына ұсыныстар» тақырыбында слайдтарды мен бейнематериалдарды тастап, ZOOM платформасы арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Колледжіміздің студенттер үйінде әлеуметтік педагог-психолог Н.Бейпенова және мейір бике Ф.Небесаеваның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара міндеті жасөспірімдерге денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін сақтап, зиянды әдеттермен күресуге баулу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан […]
«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік авторлық бағдарламасы-2020» атты республикалық байқауға Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушысы Кани Кулсара Құрбанқызы қатысып, І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының «Кәсіби маман дайындау кепілі-машықтану» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Қуандық Темірлан «Карбюраторлы қоректендіру жүйесінің негізгі ақаулары және орардың себептері» тақырыбында А-191 оқу тобында бейне сабақ өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Сүйіспеншілік-өзін-өзі танудың негізін жасаушы құндылық» тақырыбында бірыңғай өзін-өзі тану сабағы өтті. Білім алушыларға сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау. Адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілікте.
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының «Кәсіби маман дайындау кепілі-машықтану» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Ахмет Абдулла «Ескерту және басымдық белгілері» тақырыбында М9-171 оқу тобында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде педагогтарды психологиялық сүйемелдеу, кәсіби жанудың алдын алу және онымен күресе білу үшін не істеу керек екенін қарастыру мақсатында «Педагогтар психикалық денсаулығы мен амандығын қалай сақтайды және нығайта алады» тақырыбында кеңес дәрістері өткізілді. COVID-19 коронавирусының жайылуы бүкіл әлем халқының арасында мазасыздық пен үрей тудырды. Көпшілік үрей мен қорқынышқа бой алдырады, әрі вирусқа […]
Жас оқытушылар мектебінде жоғары санатты оқытушы Қожабек Батырхан «Аралас сабақ және оның бөлімдері» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: білімнің көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде жұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі, білім алушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін, өзіндік жұмыс тәсілдерін меңгерту.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде теориялық білімді тәжірибе жүзінде ұштастыру мақсатында 2015 жылы заман талабына сай, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған 5,5 га жерге орналасқан оқу-өндірістік базасы салынды. Оқу өндірістік базада, қарқынды алма бауы, жүзімдік алқабы, көкөніс өнімдерін өсіретін алқап, 2 соңғы технологиямен жабдықталған жылыжай, малдәрігерлік клиника, акваферма және механикалық бокстар орналасқан.
Колледжіміздің кітапханасында «Мейірім төгетін ана»тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Вт-202,М-201,Жк9-201,Тм-201 тобының білім алушылары қатысты. Көрменің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану орны ерекше.Өзін-өзі тану нағыз адам […]
«Dala-Fruit» ЖШС өндіріс орыны экономика саласындағы өндіріс лидері, техникалық, технологиялық бағыттағы жоғары тәжірибе жинақтаған мекеме. Колледждің сенімгерлік басқаруға өтуі оқу жоспарларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіруге, жаңа технологиялар негізінде жабдықталған өндірісте студенттердің практикасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Колледжде білім алатын жастар таңдаған мамандығын теория жүзінде оқып қана қоймай, сенімгерлік басқару мекемелірінде машықтан өтуге мүмкіндік алды.
«Жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» Түркістан жоғары аграрлық колледжінің білім алушыларымен Шымкент қаласы, Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкері полиция капитаны Тогаев Марат Бахытұлымен ZOOM платформасында кездесу өтті. Кездесуде жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмілетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, […]
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Өзін-өзі тану – шығармашылық және махаббат педагогикасы» ақпараттық компаниясының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша І, ІІ, ІІІ курс білім алушыларының топ сағаттарында онлайн форматта Өзін-өзі тану «адамгершілік-рухани білім беру» бағдарламасының авторы С.Назарбаева туралы фильмдер көрсетілді.
«Электрмен қамтамасыз ету» кафедрасының «Инновациялық технология-педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудың негізі» апталығы аясындағы үнжариясы
«Электрмен қамтамасыз ету» кафедрасының «Инновациялық технология-педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудың негізі» апталығы аясында арнайы пән оқытушысы А.Сеңгербекова «Электр тізбегі және оның негізгі элементтері» тақырыбында ашық онлайн форматта бейне сабақ өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Отбасындағы тәрбие құндылықтары» тақырыбында Э9-201 Э.Эшанкулов және Вф9-201 Қ.Ешназарова ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға тәрбие құндылықтарының мәнін ашу мақсатында ата-ана және бала қарым-қатынасындағы өзара байланысты қалыптастыру.Отбасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасының тәрбие құндылықтарының мәні мен маңызын түсіндіре отырып ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу,сүйіспеншілікпен […]
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде оффлайн жүйесінде оқып және №1 Студенттер үйінде тұрып жатқан білім алушыларға студенттер үйінің ішкі тәртібі және ережелерін таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Адам өмірі –қоғам байлығы» тақырыбында топ сағаты өткізілді. Топ сағатының мақсаты білім алушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін сақтап, зиянды әдеттермен күресуге баулу,өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Осы тақырып аясында білім алушыларға эссе […]
№345 бұйрық негізінде 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі басталды. Ұзақ үзілістен кейін студенттер қайтадан партаға отырып, бірге оқитын курстастарымен және оқытушылармен кездесті. 1-курс білім алушылары аралас оқуға ауысады, қалған 2-3-4 курс білім алушылары қашықтықтан оқыту форматында қалады. Біз студенттермен жұмыс істеу алгоритмін және коронавирустық инфекцияны жұқтыруға күдік туындаған жағдайдағы шаралар алгоритмін әзірледік (анамнезді күнделікті жинау, […]
“Парасаттылық мектебі” жобасының кезекті жоспарына сәйкес, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында бейнеролик түсірілді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінде Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында 3 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтіп […]
Балаға жүрек жылуы Балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында білім алушылардың бойында қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және қамқорлық жасауға жетелей отырып, мейірімділік туралы терең мағлұмат беру мақсатында «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында топ сағаттары өтті.
Жүректен жүрекке Балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында “Жүректен жүрекке” қайырымдылық акциясы мен “Ән-көңілдің ажары” атты іс-шарасы өтті. Мақсаты: жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып, адамгершілік, инабаттылық сезімін ояту.
Түркістан жоғары аграрлақ колледжінде «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында білім алушыларды кереғар ағымдардан алшақ болу және дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында Ішкі саясат Діни істер басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ бас маманы, теолог Рысбеков Кенжебек, бөлім басшысы Заманханов Бауыржан және талдау жұмыстарының меңгерушісі Тотаев Қуаныштың қатысуымен дөңгелек стөл өтті.
“КОРОНАВИРУС” ИНФЕКЦИЯСЫН АЛДЫН АЛУ Түркістан аграрлық колледжінің білім алушыларына коронавирус індеті туралы ақпарат беру және алдын алу шараларымен таныстыру мақсатында «Аружан» медециналық орталығының дәрігері Кәрібаева Айнұр Мырзағалиқызымен «Коронавирус инфекциясы» тақырыбында кездесу өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында білім алушыларды «Мейірлімділік», «Анаға құрмет» туралы түсініктерін кеңейту; жақсы тілек, ізеттілік,ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы көркемсөз шеберліктерін дамыту мақсатында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Парасаттылық мектебі» жоспары аясында «Парасатты болу-парызым!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінде ТжКБ мекемелерінде 1510000-“Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мен 1504000-“Фермер шаруашылығы” мамандығы бойынша ауылшаруашылығын дамытуда жас мамандардың тәжірбиелі мамандармен кездесуі онлайн түрде дөңгелек үстөл өтті.
Бүгін Түркістан жоғары аграрлық колледжінде Парасаттылық мектебінің кезекті жоспарына сәйкес “Парасаттылық-отбасынан басталады” тақырыбында Парасаттылық мектебінің төрағасы Ширенханова Таңшолпан Хасенқызы колледж студенттеріне “Парасаттылық қағидаттары” тақырыбында дәріс өтті.