Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымға сүйене отырып, «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыс жасайды.
«Өзін-өзі басқару» ұйымы-жалпы адами құндылықтарға бағытталған, еркін негізде құралатын өзін-өзі құраушы, өзін-өзі басқарушы қоғам.
«Өзін-өзі басқару» ұйымы-ашық, демократиялық, өзіндік қалыптасқан құрылым. Сонымен қатар ұйым-жастардың ұйымдастыру қабілетін және өзара қоғамдық қатынастар мен жауапкершілікті сезіну, танымдық шығармашылық дағдыны жетілдіру, өмірлік іс-әрекеттерді және өзіндік пікірді қалыптастыру болып табылады.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының мақсаты мен міндеттері:
? Жастардың отансүйгіштік қасиетін дамыту;
? Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;
? Жастардың қоғамдық, шығармашылық, инновациялық бастамаларын қолдау;
? Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
? Жаһандану жағдайында мәдениет, ілім-білім саласында заманауи үрдістерге сай үздіксіз даму әрекеттерін жүзеге асыру;
? Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау;
Ұйымның өзіне тән құрылымы бар:
? Ұйымның жетекшісі – Ширенханова Таңшолпан Хасенқызы
? Ұйымның президенті- А9-191 тобының білім алушысы Сұлтан Баймұрат Жұмағалиұлы
? Ұйымның Білім және ғылым министрі- Тм9-191 Марс Сұлужан
? Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі- Кишибаева Назерке Ерланқызы
? Мәдениет және спорт министрлері- Асыл Жасұлан және Балабиев Әділ
? Әділет министрі- Ош9-191 Қанеш Ұлмекен.
Сондай-ақ, ұйымда еріктілер клубы, дебаттық клубы, көңілді тапқырлар клубы т.б клубтар, үйірмелер жұмыс жасайды.