Өндірістік тәжірибеден өтті
Кәсіби маман дайындауда теория мен практиканы ұштастыру бойынша болашақ маман иелерінің кәсіптік құзыреттілігін арттыру мақсатында заманауи техникаларды меңгеру, өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуға әлеуметтік серіктестіктердің маңыздылығы орасан зор. Осыған орай, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің білім алушылары «DALA FRUIT-KZ» ЖШС, «Кәусар шайханасы», «Сайрам сүт» ЖШС, «А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы», «ЯНС» ЖШС және «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде өндірістік тәжірибесінен өтуде. Өндірістік тәжірибеден өту барысында білім алушылар нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар болып қалыптасуына ықпал жасайды.
(1) Comment