“ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ”
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Мейірімді жүректер» еріктілер клубының мүшелері «Қайырымдылық-адамгершілік белгісі» тақырыбында көп балалы аналарға көмек қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: Жастардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы аналарға көмек көрсету, жастарды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.