Білім беру бағдарламасы ақпарат жинаудың сәйкес келетін әдістерін, алынған ақпаратты талдау әдістерін, оларды қайта қаралуын және жетілдірілуін анықтайды.
Әлеуметтік серіктестіктер колледжде білім алушылардың практикаларын ұйымдастыруға қатысады, қажетті өндірістік жағдайларды жасайды. Сонымен қатар колледж жанынан құрылған өндірістік кеңес отырыстарында білім беру бағдарламаларын әзірлеуде мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің пікір-ұсыныстары ескеріледі. Атап айтқанда:
- 07130100 – «Электр жабдықтары» (түрлері және салалары бойынша) және 07130200 – «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша:
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС және «DALA-CONSTRACTION.KZ» ЖШС-нің қатысуымен ББ бағдарламасына енгізілген білік, дағдылар:
– Өндірісті автоматтандыру, басқару және бақылау бойынша «Технологиялық процестерді бақылау мен басқаруды жүзеге асыру» және «Үздіксіз электрмен жабдықтау үшін электр жабдығының техникалық жай-күйін бақылау және қалыпты жұмысын қамтамасыз ету» модулдері енгізілді.
- 07161600 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша
«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС және «Яссауи» ӨК-нің қатысуымен ББ бағдарламасына енгізілген білік, дағдылар:
– қазіргі таңдағы өндірісте кеңінен қолданылып жатқан ауыл шаруашылық машиналары мен агрегаттары және жаңа заманауи техникалардың маркалары, сипаттамалары және жұмыс істеу принциптері бойынша «Тракторлардың, автомобильдердің және ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі бөліктерін сипаттау» және «Ауыл шаруашылық жұмыстарын орныдау» модульдері енгізілді.
- 08110100 – «Агрономия» мамандығы бойынша
«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС және «Нұр-Шатемир» ЖШС-нің қатысуымен ББ бағдарламасына енгізілген білік, дағдылар:
– өңірдегі егіншіліктің бағыттары ескеріле отырып көкөніс, жеміс дақылдарын өсіру технологиясы және жылыжай шаруашылықтары бойынша «Ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру», «Зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күресуде ұйымдастыру-шаруашылық шараларын ұйымдастыру», «Ағымдағы және маусымнан тыс жұмыс түрлерін орындау және бастапқы өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу» және «Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау» модульдері енгізілді.
4.08210100- «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша
«Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ. және «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК қатысуымен ББ бағдарламасына енгізілген білік, дағдылар:
– Бүгінгі таңда Түркістан облысы табиғи ресурстарды пайдалану басқармасына қарасты орман қорының жерлерi, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар, жасыл белдеумен, саябақтардың жұмыстарын және аймақтағы ағаш-бұталы өсімдіктердің түрлерін оқыту енгізілді.
5.0841000- «Ветеринария» мамандығы бойынша
«Сайрам аудандық ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК, «Нұр-Ай-5» ЖШС және «Зертас» шаруа қожалығының қатысуымен ББ бағдарламасына енгізілген білік, дағдылар:
– Ауыл шаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандыру, аурулардың алдын-алу, емдеу профилактикалық іс-шаралары бойынша модульдер енгізілді.
Осы жұмыстарды үйлестіру үшін колледжде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының № 04/173 15.01.2021 жылғы хатына сай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.01.2021 жылғы № 6-13-4/131-И хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» №566 бұйрығына сәйкес колледж жанынан өндірістік (инсдустриалды) кеңес құрылған. Өндірістік кеңес қызметінің негізгі мақсаты колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультация мен ұсынымдар беру.Өндірістік кеңес құрамы және ережелері оқу жылдары бойынша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген. Өндірістік кеңестің төрағасы колледжді сенімгерлік басқаруға алған «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің атқарушы директоры Айтбаев Кайрат Ташкулович, өндірістік кеңестің төраға орынбасары «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ директоры Мошкалов Бейбит Мырзабаевич, кеңес мүшелері ретінде кадрларды даярлау бағыттары бойынша 4 өндірістік кеңес комитеттерінің құрамына колледждің 13 әлеуметтік серіктестік өкілдерінің басшылары, өкілдері, 15 колледждің құрылымдық бөлім, кафедра меңгерушілері және 3 колледж түлектері мен 6 студенттері, колледж директоры және директордың оқу және оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары тартылған. Өндірістік кеңес жұмысының үйлестірушісі болып директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалған.