Жанданған жәдігер

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайбергенова Ақмарал Асанқызының бастамасымен ғылыми қызметкерлер мен экскурсовод мамандарының әлеуетін (потенциалын) кешенді және жан-жақты дамыту, музей жәдігерлеріне байланысты материалдарды ғылыми жүйелеу үшін “Жанданған жәдігер” жобасының жоспары бекітілген болатын.
Жоспарға жүйеленген жоба ережесіне сай күнделікті бір қызметкерден тізім бойынша тыңдалым жүргізіледі.
1-ші сәуір күні аталған жобаның алғашқы жұмысы өтті. Музейдің ғылыми қызметкері Гауһар Қасымова “Жазба гранит” тақырыбында минералды гранит хақында ғылыми-зерттеу жұмысын музей қызметкерлерімен бөлісті.
Музей қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі – табиғат және адам қолымен жасалған өнер туындылары мен көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын зерттеп, жинап, сақтап һәм құнды жәдігерлерді насихаттау.
Тәуелсіздік бәрінен қымбат.
Жанданған жәдігер.
Музей – мәдениет мәйегі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған