Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазық-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы “Ашық микрофон” алаңында кездесу өткізетін болады.
- Осыған орай, Сіздерді халықаралық университетте қолға алынған ілкімді бастамалардың басы-қасында жүрген аталған оқу орнының ректоры– Жанар Амангелдіқызымен ашық алаң төрінде еркін сұрақ-жауап алмасуға, пайымды пікірлерді ортаға салуға және парасатты тұлғаның біз білмейтін қырларымен етене таныс болуға шақырамыз!
- Өтетін орны: Түркістан қаласы, Әмір Темір 53 А, Turkistan Visit орталығы.
- Сондай-аталған шараны Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми парақшасы (фейсбук желісі) арқылы тікелей эфирден көре аласыздар.