Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің Агрономия мамандығының білім алушылары өндірістік-технологиялық тәжірибе барысында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына қарасты «TURKESTAN-FRUIT» ЖШС-нің қараөрік (Сливо) өсіру алқабында болды. «TURKESTAN-FRUIT» ЖШС-нің директоры Биетов Нұрахмед Мұхамеджанұлы және Туркия елінен келген агроном Нурсет Гювен мырза студенттерге 300га алқапқа егілген бірнеше өнім дақылдарымен таныстырды. «TURKESTAN-FRUIT» ЖШС-нің жалпы аумағы 400га жерді құрайды. Бүгінде игерілген алқапта blask diamond, blask splendor, autumn giand, black amber, papaz, can сынды қараөріктің бірнеше түрлері және қауын, қарбыз егілген. Жемістер мен дақылдарды егу, заманауи әдіспен суару, өсіру, оны күтіп баптау жұмыстары жайлы студенттерге кеңінен түсіндірілді.

- 19 Мам
- 2021