«Тарихқа тағзым: Ұлы даланың ойындары»

Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, тоң жібитін сәт. Сондықтан қазақ халқы бұл мейрамда “Қыз қуу”, “Көкпар”, “Жамбы ату”,”Аударыспақ”, “Арқан тартыс”, “Теңге ілу” сынды түрлі ойын ойнаған. Мереке қарсаңында Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде ұлттық ойындар ойнатылды. Олардың ішінде асық ату, арқан тартыс ойындары. Арқан тартыста екі топқа бөлініп, бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстады. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартты. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіге бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз атанды. Сонымен қатар ұлттық ойындарда асық ату ойыны ойналды. Асық ату ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.Келесі ойналған ұлттық ойын қол күрес.
Қол күрес ойыны стол үстінде екі ойыншының білек сынасумен орындалады. Екі ойыншы шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ұлттық ойындарға колледждің бөлімдері командаға бөлініп қатысты. Жеңімпаз командаларға арнайы сыйақылар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған