Талапкерлерді шақырамыз!

Мамандық: 08110400 – «Өсімдікті қорғау және карантин»
Біліктіліктер:
1. 3W08110401 – «Лаборант»;
2. 4S08110403 – «Өсімдікті қорғау және карантин жөніндегі техник».
Мамандық сипаттамасы
Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі:
1. 3W08110401 – «Лаборант» – негізгі орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында –10 ай.
2. 4S08110403 – «Өсімдікті қорғау және карантин жөніндегі техник».
– негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге асырылады.
Мамандықтың кәсіби қызметінің нысаны:
– өз маманының саласы бойынша өлшемдер мен зерттеулер жүргізу, зертханалық сараптамаларды жүргізу процесі;
– өсімдіктің өмір сүруіне жағдай жасау, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы, өнімді бағдарламалау процестері;
– өсімдікті аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғаудың өндірістік-технологиялық процесі;
Мамандықтың кәсіби қызметінің түрі:
– ауыл шаруашылығындағы сараптау жұмыстары, зерттеу, талдау және басқа да зерттеу жұмыстарымен байланысты техникалық функциялар;
– екпе материалдарын, тұқымды егуге дайындау және топырақты дайындау, өсіру, өсімдікті күтіп-баптау, зиянды заттардан қорғау, ауыл шаруашылық дақылдарын жинау және сақтау мен тасымалдау;
– Ауыл шаруашылық дақылдарын зерттеу, тұқымдар мен екпе материалдарын егуге дайындау, өсімдік қорғау құралдарын дайындау және әдістерін таңдау өсімдікті күтіп-баптау, зиянды ағзалардан қорғау, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін сақтау;

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған