Талапкерлерді шақырамыз!
Мамандық: 08110300 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы»
Біліктіліктер: 3W08110301 – «Көкөніс өсіруші»;
Мамандық сипаттамасы:
Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі:
3W0811030 1 – «Көкөніс өсіруші»
– негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында –10 ай, 1 жыл 10ай.
Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге асырылады.
Мамандықтың кәсіби қызметінің нысаны:
– Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік, зейінділік, ұқыптылық, басшылықпен жұмыстың барысы мен нәтижесіне жауап береді;
– Екпе дақылдарын, тұқымдарды отырғызу жұмысының дағдылары, құрал-жабдықпен жұмыс істеу, залалсыздандыру құралдарын қолдану, химиялық және биологиялық препараттарды пайдалану;
– Отырғызылатын дақылдарды, тұқымдарды өсіру және оларға күтім жасау дағдылары, топырақты егуге дайындық әдістері, арамшөп пен зиянкестермен күрес жүргізу тәсілдері, арамшөпті жою әдістері;
– Міндеттің өздігінен анықталуын қарастырады, өмір бойы өз-өзін ұйымдастыру және өздігінен білім алу, ойлау дербестігі;
– Екпе дақылдарын, тұқымдарды отырғызу технологияларының дағдылары, өнімді жинау технологиясы;
– Суару нормаларын есептеу, суару, түптеу, өскіндерін байлау, жинайтын құрал-жабдықты пайдалану ережелері, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау білімі.
Мамандықтың кәсіби қызметінің түрі:
– Егіс жұмыстарын ұйымдастыру;
– Топырақты егу жұмыстарына және отырғызуға дайындау (жырту, бораналау, қопсыту және басқа да жұмыстар);
– Көкөніс дақылдарын себу және отырғызу;
– Тыңайтқыштарды дайындау және топыраққа салу, отырғызылатын материалды дайындау;
– Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау (биохимиялық дәрілеу);
– Күтім жасау. Жинау, сақтау орнына жеткізу және жиналған өнімді сақтау;
– Өсіру және өнім жинау бойынша қажетті амалдарды орындау, өсіру және күтім жасау;
– Өнімді дайындау қосындарына жеткізу немесе тұтынушыларға сатып жіберу;
– Зиянды организмдерден өсімдіктерді биохимиялық өңдеуді жүргізу
– Егіп өсірілген ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін есепке алу және оларды реттеу
– Ауыл шаруашылық дақылдарының болашақ аудандастырылған сұрыптарын пайдалану