ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАМЫЗ!
Мамандық: 08210100 – «Орман шаруашылығы» (түрлері бойынша)
Біліктіліктер: 1. 3W08210101 – «Орман ағашын жығушы»;
2. 3W08210102 – «Орманшы»;
3. 4S08210103 – «Орман шебері».
Мамандық сипаттамасы
Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі:
1. 3W0821010 1 – «Орман ағашын жығушы»
– негізгі орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында –10 ай.
2. 3W082010 2 – «Орманшы»
– негізгі орта білім базасында – 2 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында –1 жыл 10 ай.
3. 4S0821010 3 – «Орман шебері»
– негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында –2 жыл 10 ай.
Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге асырылады.
Мамандықтың кәсіби қызметінің нысаны: орманды қорғау және сақтау саласындағы заңдарды сақтау үшін бақылау жүргізу процесі, өрт сөндіру күзетшілерінің, орманшылардың жұмысын басқару, аралап шығуға тексеру жүргізу, орман байлығын көбейту мен сақтау мәселелері бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу өрт сөндіру ережелерін орман пайдаланушыларымен сақтауды тексеру, сүректерді дінімен жіберу, өндірістік жоспармен кесу мен оның жұмыс сапасын тексеру.
Жасыл құрылыс объектілерін жобалау және қайтадан жасау процесі, бақтарды, орман парктерін, дендрологиялық саябақтарды, скверлерді, клумбірерлі көгалдандыру үшін ағаш отырғызу материалдарының тұқымдарын таңдау, жасыл екпе ағаштарын күту, көгалдандыру жұмыстарын өткізуін басқару.
Мамандықтың кәсіби қызметінің түрі:
– өз учаскесінде орманшыларға нұсқау беру және жұмысын басқару;
– аралап шығу ревизиясын өткізу, кордондардың жағдайын, қарулардың сақталуын бақылау;
– орман байлығын сақтау және көбейту мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
– өрттен сақтау қауіпсіздігі ережелерін орман пайдаланушылары мен сақтауды тексеру, өрт кезінде оны сөндіруге қатысу;
– орманды табиғи жаңартуға атсалысу және тұқым жинау, салу, отырғызу, орманды кесумен тазарту;
– еңбек тәртібін сақтауды қадағалау;
– орман орналастыру, орман мәдениеті жұмыстарын өткізу кезінде көмек көрсету;
– жасыл құрылыс обьектілерін жоспарлау;
– жасыл екпе ағаштарын күтуді жүргізу.
– отырғызу материалдарын өсіру үшін ағаш тұқымы телімі мен тұқымбағын құру.