ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Мамандық: 05220200 – «Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану»
(салалар бойынша)
Біліктіліктер: 4S05220202 – «Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі
техник»
Мамандық сипаттамасы
Күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі:
4S05220202 – «Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі техник»
– негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
– жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
Оқыту күндізгі оқу түрінде мемлекеттік тілде, бюджеттік және келісім шарт (ақылы) негізінде жүзеге асырылады.
Мамандықтың кәсіби қызметінің нысаны:
– табиғи жағдайларын және бұл жағдайдың табиғи мен антропогенді себебтердің әсерімен бұзылу мүмкіндігін оқып білу бөлігіндегі тау жыныстары, жер асты және жер бетіндегі сулар, топырақ, атмосфера;
– тау жыныстары, жер асты жер бетіндегі сулар, топырақ, атмосфера;
Мамандықтың кәсіби қызметінің түрі:
– өндірістік технологиялық – сынама алу, химиялық талдаулар жасау, жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу, өлшеуге аспаптарды дайындау және өлшеу, құрамды бөліктерінің шоғырлану есептерін орындау, гамма және нейтронды, рентгендік сәулеленудің қуат мөлшерлерін, ұйым, санитария – қорғаныс аймақтарында және бақылау аймақтарында, бірі-бірімен шектес бөлмелерде, жұмыс орындарда орын беттерінің, жабдықтардың және т.б. ластану деңгейлерін, соның ішінде радиоактивті заттармен ластануын анықтау, радиоактивті заттардың шығарылу белсенділігінің бағасын шығару;
– жобалау өндірістік-геологиялық және экологиялық ақпаратты өңдеу, жинау жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауының жағдайы бойынша мониторингті және ластану көздерінің инвентаризациясын жүргізу, кәсіпорынның экологиялық паспортын құрастыру;
– ұйымдастырушылық – өндірістік геоэкологиялық бақылауларды жүргізу бойынша жұмыстарды, барлық жұмыстар түрлерін орындауды ұйымдастыру, жобаланған жұмыстарды орындау мен қауіпсіздік техника нормаларының орындалуын қамтамасыз ету.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған