Тәжірибе алмасу

Тәжірибе алмасу

Бүгін Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының білім алушылары «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің алма бағында болды. Кезекті жұмыс барысымен танысқан білім алушылар қарқынды алма бау арасындағы шөптерді отау және қопсыту процестеріне қатысты. Заманауи техниканың мүмкіндігі жайлы біліп қана қоймай іс-тәжірибе жүзінде мамандардың қадағалауымен техникалық көліктерін жүргізуді үйренді.
Колледжді сенімгерлік басқаруға алған «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің мамандары білім алушылармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, іс-тәжірибе жұмыстарын атқаруға, заманауи техника мүмкіндіктерін меңгеруге қолайлы жағдай жасауда. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған