Сыр-сұхбат өтті

Колледжімізде «Әкелер мектебі» жоспарына сәйкес «Ұл тәрбиелей отырып –жер иесін тәрбиелейміз» тақырыбында онлайн форматта сыр-сұхбат өтті. Іс-шараның мақсаты бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.Отбасындағы әке орнын, рөлін, оның бала тәрбиесіндегі үлесін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Баламен қарым-қатынас құру құпиясы кезеңінде:
Өз балаңызды тани білесіз бе?
Бала тәрбиесіндегі әкенің үлесі қандай?
Баланы жақсы азамат болып өсуі үшін ата-аналар балаға нені үйрету керек?-деген сұрақтарды ортаға салып өз пікірлерімен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған