Семинар-тренинг өткізілді
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» бағытында жастар мен жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу. Тәжірибелі психолог маман іс-шара барысында адамның ойы мен эмоциясын, ішкі сезімдері арқылы дұрыс жұмыс істеу тақырыбында психологиялық терапия өткізді. Жастардың көшбасшылық қабілетін арттырып, өзіндік қалыптасуына ықпал ететін бұл шара жастардың қоғамда өз орнын қалыптастыра алуына, эмоциясын басқаруына, ойлау жүйесінің дамуына ықпал етеді.