Сейсмикалық жаттығулар өткізілді

       Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы (Бұдан әрі – Басқарма) Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың 2022 жылғы 25 ақпандағы №14/2307 хатына сай «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 2022 жылғы 23 ақпандағы №6-1/984-И хатымен «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу бойынша ұйымдастыру нұсқаулығына» сәйкес азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыруды, сондай-ақ құлақтандыру жабдықтары мен құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай а.ж. 1 наурыз күні, сағат 10.00-де облыс аумағында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі іске қосылатындығын хабарлаған болатын. Осыған орай, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде барлық қауіпсіздік шараларын және санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, сейсмикалық жаттығулар өткізуді ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған