Пара нәсіп болмайды

Колледждің Студенттер үйінде “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу” және “Пара нәсіп болмайды” тақырыбында теолог мамандармен кездесу өтті. Кездесу мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын-алу шараларын жүргізу. Студенттердің бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған