Отбасындағы тәрбие құндылықтары

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Отбасындағы тәрбие құндылықтары» тақырыбында Э9-201 Э.Эшанкулов және Вф9-201 Қ.Ешназарова ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға тәрбие құндылықтарының мәнін ашу мақсатында ата-ана және бала қарым-қатынасындағы өзара байланысты қалыптастыру.Отбасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасының тәрбие құндылықтарының мәні мен маңызын түсіндіре отырып ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу,сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау.Топ сағаты барысында «Отбасы дегеніміз не?», «Отбасы –отанымның ошағы» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, білім алушылар «Арман ағашы», «Отбасылық құндылық» ағашы суреттерін толықтырып өздерінің жанұяларын бейнеледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған