Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Студенттер үйінде» жылдағы дәстүр бойынша қасиетті Рамазанда, ораза ұстаған білім алушыларға оразаның бірінші күні, колледж директоры бірінші болып арнайы дастархан жайып, ауыз ашар берді. Қасиетті Құран Кәрімде Ораза туралы «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден Ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсір-гісі келмейді», – делінген («Бақара» сүресі, 185 аят). Әр мұсылман баласы оразада бір-бірінің құлшылығына кедергі жасамай, оған Алла разылығы үшін ауыз ашар беру сауапты іс. Осындай ізгі амалды ұйымдастыру, өзгеде адамдарға үлгі болып, халықтың оразаға деген ынтасын арттырып, оразаның қадыр-қасиетін түсіндіру мақсатында жүзеге асырылды.Ауызашар беру дәстүрі бір ай бойы жалғасын таппақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған