Тестілеу күні үміткерде болуы керек құжаттар:
- Жеке басын куәландыратын құжат және рұқсат қағазы (туу туралы куәлік, жеке куәлік). Қажетті құжаттар болмаған жағдайда өтініш беруші тестілеуге жіберілмейді;
- Колледжден көк сиясы бар қалам беріледі, өзіңізбен бірге өшіргіші бар қарандаш алып келу керек.
Емтихан кезінде қатаң тыйым салынады:
- Артық заттарды, анықтамалық кітаптардың, шпаргалкаларды;
- Ұялы телефондардың, смарт-сағаттардың, құлаққаптардың, калькуляторлардың және басқа байланыс құралдарының, электрондық есептеу техникасының болуы және қолданылуы;
- Өзіңізбен бірге сусын алып келуге;
- Жауаптарды бояусыз (белгілеусіз) қалдыруға;
- Басқа талапкерлерді әдейі алаңдатуға / айғайлауға;
- түзеткіш сұйықтықтарды (корректор,замаска) қолдануға;
- Жауап парағын әдейі бүлдіруге;
- Орынын ауыстыруға;
- Үлестірмелі материалдарды, бүлдіруге, жыртуға, шығаруға,мыжуға және фотоға түсіруге;
- емтихан алушының рұқсатынсыз сөйлесуге, басқа талапкерлерге көмек көрсетуге, орнынан тұруға;
- тест-кітапшаларының нұсқаларымен және жауап бланкілерімен алмасуға;
- оставлять себе бланки ответов, черновики, тест книжки (экзаменационный материал необходимо сдать экзаменатору);
- тест кітапшаларын,жауап парақшаларын өзімен бірге қалдыруға(емтихан материалдарын емтихан алушыға тапсыру қажет));
- тестілеу кезінде аудиториядан шығуға (тек қана денсаулық жағдайы бойынша кезекші оқытушының ілесіп жүруімен шығуға рұқсат етіледі).
Емтихан барысында киім киюге қойылатын талаптар:
классикалық стильде – ақ жоғарғы және қара төменгі.
Емтихан қорытындысына қанағаттанбаған жағдайда апелляцияға өтініш, келесі күнгі сағат 13-00-ге дейін қабылдайды!
Комиссия апелляцияға берілген өтініште көрсетілген мәселені ғана қарайды, басқа мәселелер қаралмайды!
Талаптарды бұзған талапкер аудиториядан шығарылады және түсу емтиханын тапсырмаған болып есептеледі
Қабылдау комиссиясы: 8 (7252) 55-40-69