БИЗНЕС ИНКУБАТОР
2024 жыл басында білім алушыларға арналған «Бизнеса-инкубатор» орталығы құрылды. «Бизнес-инкубатор» орталығына жауапты болып «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының экономика және кәсіпкерлік қызмет негіздерінің оқытушысы Тагаев Сапарбай Дюйсенханович бекітілді.
«Бизнес-инкубатор» орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары дайындалып бекітілді.
Студенттерді жобалық қызметке және бизнес-идеяларды (стартаптарды) әзірлеуге тарту іс-шаралары жұргізілді.«Бизнес-инкубатор» орталығында 15 білім алушы шығармашылықпен айналысуда. Нақты 5 жоба дайындалды.
Сәуір айында «Орталық Азия Инновациялық Университетіне» 10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамндығы бойынша 2 студеннтік жұмыс жіберілді (ТМ-231, ТМ9 – 233).
Жетекшілірі: Тагаев Сапарбай, Раманкулова Кенжеш.
Конкурстың бастапқы 2 этаптан өтіп финалға шығып Сертификат алып қайтты.
«Бизнес-инкубатор» орталық білім-алушылар мен жетекшілері Семинарларға қатысып, баяндама жасап тағы басқа іс-шаралар атқаруда.
Білім алушылардың кәсіби қалыптасуын және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындар ашу
Оқу, өндірістік практикалар кезінде, машықтану мақсатында сенімгерлік басқарушының ұйымдастыруымен жылыжайлар, күрке тауық, ешкі, қоян өсіру мәселелері қолға алынып, өзінің оң ықпалын тигізуде. Атап айтқанда, «Агрономия» студенттері жылыжайда қияр, қызанақ, құлпынай және басқа да дақылдарды отырғызу, баптау, теру және тұтынушыға өткізу сатысына дейін тәжірибеленеді. Осындай тәсілдер «Ветеринария» студенттерімен де қолданылады. Ветеринария мамандықтары бойынша колледж оқу өндірістік базасында ешкі, тауық өсірілуде. Мысалы, құс өсірушілер инкубатор кезеңінен ет өніміне дейін тәжірибеленеді.
Стратегиялық жоспарға сәйкес 2023 жылы сенімгерлік басқарушы білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, колледж цехтарының өндірістік айналымдарына тарту, өндірілетін тауарларды сату мен қызметтерді көрсету мақсатында колледжің оқу өндірістік базасынан қосымша қаржы көздері ретінде оқу шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындар ашуды жоспарлап, сол бойынша төмендегідей өндірістерді пайдалануға берді. Атап айтқанда:
Оқу шаруашылықтары:
– жылыжай шаруашылығы;
– жеміс және жүзім шаруашылығы;
– құс шаруашылығы (етті бағыттағы тауық өсіру, ет және жұмыртқа бағытында бөдене өсіру);
– ешкі шаруашылығы (сүтті бағыттағы Заанен тұқымды ешкілер);
– балық шаруашылығы (Фарель өсіру аквафермасы).
Шағын кәсіпорындар:
– студенттердің өндірістік оқыту барысында тамақтандыру цехы мен шеберханаларында пісірген нан, кондитер өнімдері;
– баспахана қызметі (оқу журналдары, сынақ кітапшалар, студенттік билет т.б.);
– автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы;
– шағын сабын цехы;
– мал азықтық жем дайындау цехы.