Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінде Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында 3 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, оқушыларды махаббат пен сүйіспеншілік туралы ой бөлісті. Оқушылар махаббат, сүйіспеншілік туралы ұлы ойшылдардың нақыл сөздерін айтып, «Жүректен жүрекке» сәтінде әлемдегі шексіз және ақысыз жақсылық туралы өлеңдер оқыды.