Skip to content
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Байланыс

87252554064

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма 09:00-18:00

Close Button
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Колледж тарихы
    • Директордың алғы сөзі
    • Колледж құрылымы
      • Алқалы органдар
        • Қамқоршылық кеңес
        • Педагогикалық кеңес
        • Оқу әдістемелік
        • Әдеп кеңесі
        • Өндірістік кеңес
        • Колледж оқытушылары
          • Оқытушылар туралы мәлімет
          • Сандық және сапалық құрам
          • Біліктілік арттыру курстары
          • КОНТИНГЕНТ
            • Колледждің мақсаты мен міндеті
              • КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
      • ӘКІМШІЛІК
        • Бөлімдер
      • Кафедралар
        • «Аграрлық және қауіпсіздік қызметі» кафедрасы
        • “Әлеуметтік — гуманитарлық пәндер” кафедрасы
        • “Ветеринария” кафедрасы
        • «Дене тәрбиесі және АӘД» кафедрасы
        • “Ауыл шаруашылығын механикаландыру және автокөлік құралдары” кафедрасы
        • «Электротехника және энергетика» кафедрасы
        • «Тағам өнімдерін өндіру және тамақтандыруды ұйымдастыру» кафедрасы
        • «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы
      • Стратегиялық жоспар
      • ЛИЦЕНЗИЯ
      • Жатақхана
      • Кітапхана
      • Онлайн кітапхана (MegaRabis)
      • Материалдық техникалық база
        • Оқу-әдістемелік бірлестік
          • ОӘБ туралы ақпарат
          • РОӘК мен ОӘБ ережелері
          • Конференциялар мен семинарлар
            • 2021-2022
            • 2022-2023
            • 2023-2024
            • 2024-2025
      • Талапкер
        • Мамандықтар тізімі
        • Қабылдау ережесі
        • Қабылдау комиссиясы
        • Апелляция ережесі
        • Оқуға тапсыратын талапкерлерге арналған ақпарат
        • Мамандықты қалай таңдау қажет
      • Оқу жұмысы
        • Сабақ кестесі
        • Оқу үрдісінің кестесі
        • Емтихан кестесі
    • Өндіріс жұмысы
      • Дуалды оқыту
      • Әлеуметтік серіктестер
      • Сенімгерлік басқару
        • DALA FRUIT
        • Келісім шарт
      • Жұмыспен қамту
      • Жұмыс берушілер пікірі
      • Ашық мекеме
        • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
        • Квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кызметі
          • Жемқорлыққа қарсымыз!
      • Тәрбие жұмысы
        • Терроризмен және экстремизммен күрес
        • Академиялық адалдық
        • Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес
        • Мәңгілік ел
        • Рухани жаңғыру
        • Студенттік кеңес
        • Психологиялық қызмет
        • Студенттің ар-намыс кодексі
    • Аттестация
      • КОНКУРС
      • Инновациялық жобалар
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
      • ДИРЕКТОР БЛОГЫ
    • КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
      • ОҚЫТУШЫЛАР
      • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
      • ЖЕТІСТІКТЕР
      • ЛИЦЕНЗИЯЛАР
    • КОНТАКТІЛЕР
      • ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
  • Book Appointment
  • Bookings
Біз жайында

Колледждің мақсаты мен міндеті

лого

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

 

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі - ауыл шаруашылығына орта буын мамандар даярлайтын және оқытудың инновациялық жүйелерін оқу процесіне енгізген және техникалық  және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруде модульді оқыту жүйесін енгізуге бағыталған оқу орны.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бұйрығымен бекітілген тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартып, Қазақстан экономикасы үшін білікті мамандар мен кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді. Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі – Түркістан облысындағы ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын еліміздің индустриялық дамуына, білім берудің инновациялық тәсілі негізінде бәсекеге қабілетті агротехникалық бейіннің маманын дайындауда қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы білім беру қызметін ұсынатын іргелі оқу орны. Колледжді бітірген түлектеріміз аудан, қала, облыс мекемелерінде жоғары ақы төленетін жұмысқа қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікті құру және пайдалы бизнес ұйымдастыруға мол мүмкіншілік  жасалған.

Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру нарығындағы тұрақты ұстанымға ие болу мақсатында жастарды тарту үшін колледж өз қызметін ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады. Ресурстарды талдау негізінде колледж (материалдық, қаржылық, кадрлық) заманауи өндіріс талаптарының өзгеруін ескере отырып, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық  колледжінің стратегиялық мақсаты мен миссиясы анықталды.

2020 жылы колледжді сенімгерлікке алған «DALA-FRUІT.KZ» ЖШС-і  колледжді сенімгерлікке алу туралы шартқа сәйкес көзделген мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін колледж дамуының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірледі.

2023 жылы қыкүйекте Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес колледждің 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары қайта әзірленіп бекітілді.

1
2

Даму стратегиясы бiлiм беру жүйесiнің алдына бiлiм берудiң ұлттық моделiн жасауды қамтамасыз ету және оны халықаралық бiлiм беру кеңiстiгiне интеграциялау мақсатын қойды.

Колледж дамуындағы басымдылықтарды анықтауды еліміздің стратегиялық құжаттар тізімімен байланыстырады – бұл Қазақстан Республикасы Президенті-нің  Қазақстан халқына жыл сайынғы  жолдауы, Стратегия  «Қазақстан - 2050», «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы, Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарттары.

Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасаған кезде  білім берудің әлемдік беталысы, сонымен қатар аймақтық  ерекшеліктер мен ҚР қалыптасқан дәстүрлері ескерілді.  Сондай-ақ әлемдік білім беру кеңістігінде Колледжді интеграциялауға бағытталған жоспарланған шаралардың барлық кешені мен  ҚР ТжКОБ  ұйымдарының Турин білім беру процесіне қосылуы қарастырылды.

Тәжірибе мен ғылымдағы жетістіктері, ұлттық, жалпы адамдық құндылықтары негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен  дамуы мақсатында кәсіби білімді алу үшін қажетті  жағдайды жасау  колледж қызметінің мәні болып табылады.

2023-2027 жылдарға арналған колледждің стратегиялық даму жоспары – білім беру, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық және басқару қызметтерін жетілдірудің стратегиясы мен басым бағыттарын анықтайтын негізгі құжат.

Жоспарды атқарушылар және бірлесіп орындаушылар: колледждің педагогикалық ұжымы және барлық қызметкерлері, оқушылар және олардың ата-аналары, жұмыс берушілер (кәсіпорындар мен ұйымдар) – әлеуметтік серіктестік субъектілері.

Жоспардың кезеңдерінің жүзеге асыру нәтижелерін колледждің Педагогикалық кеңесінің отырыстарында қарастырылады.

Жоспар өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ашық құжат болып табылады. Жоспарды түзету колледжді басқару органдарының шешіміне сәйкес жүргізіледі.

Жоспардың орындалуы колледждің қызмет етуі және дамуы үшін қажетті қаржылық бюджет құралдарының көлемімен, сондай-ақ қосымша бюджеттік емес қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етіледі.

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің стратегиялық даму мақсаттары:

- техникалық және кәсіптік, орта  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге асыратын тиімді, сапалы, заманауи білім беру жүйесін қалыптастыру;

- өңір экономикасына қажетті сапалы кадрларды даярлау;

- рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерді дамытуға, кәсіби  және  азаматтық борышын орындауға қабілетті жастарды дайындау;

- тұлға   мен   қоғамның   мүдделеріне және қажеттіліктеріне  сәйкес  колледждің  тұрақты  дамуын қамтамасыз ету.

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  •   +7 (7252) 55‒40‒69
  •   turkistan_agro@mail.ru
  •   Жибек жолы, 4/4 Тассай ж/м, Каратауский район, Шымкент

Search

Meta

  • Log in

Categories

  • postcategory1
  • Жаңалықтар

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі. Барлық құқықтар қорғалған@2025 By Themespride