Skip to content
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Байланыс

87252554064

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма 09:00-18:00

Close Button
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Колледж тарихы
    • Директордың алғы сөзі
    • Колледж құрылымы
      • Алқалы органдар
        • Қамқоршылық кеңес
        • Педагогикалық кеңес
        • Оқу әдістемелік
        • Әдеп кеңесі
        • Өндірістік кеңес
        • Колледж оқытушылары
          • Оқытушылар туралы мәлімет
          • Сандық және сапалық құрам
          • Біліктілік арттыру курстары
          • КОНТИНГЕНТ
            • Колледждің мақсаты мен міндеті
              • КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
      • ӘКІМШІЛІК
        • Бөлімдер
      • Кафедралар
        • «Аграрлық және қауіпсіздік қызметі» кафедрасы
        • “Әлеуметтік — гуманитарлық пәндер” кафедрасы
        • “Ветеринария” кафедрасы
        • «Дене тәрбиесі және АӘД» кафедрасы
        • “Ауыл шаруашылығын механикаландыру және автокөлік құралдары” кафедрасы
        • «Электротехника және энергетика» кафедрасы
        • «Тағам өнімдерін өндіру және тамақтандыруды ұйымдастыру» кафедрасы
        • «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы
      • Стратегиялық жоспар
      • ЛИЦЕНЗИЯ
      • Жатақхана
      • Кітапхана
      • Онлайн кітапхана (MegaRabis)
      • Материалдық техникалық база
        • Оқу-әдістемелік бірлестік
          • ОӘБ туралы ақпарат
          • РОӘК мен ОӘБ ережелері
          • Конференциялар мен семинарлар
            • 2021-2022
            • 2022-2023
            • 2023-2024
            • 2024-2025
      • Талапкер
        • Мамандықтар тізімі
        • Қабылдау ережесі
        • Қабылдау комиссиясы
        • Апелляция ережесі
        • Оқуға тапсыратын талапкерлерге арналған ақпарат
        • Мамандықты қалай таңдау қажет
      • Оқу жұмысы
        • Сабақ кестесі
        • Оқу үрдісінің кестесі
        • Емтихан кестесі
    • Өндіріс жұмысы
      • Дуалды оқыту
      • Әлеуметтік серіктестер
      • Сенімгерлік басқару
        • DALA FRUIT
        • Келісім шарт
      • Жұмыспен қамту
      • Жұмыс берушілер пікірі
      • Ашық мекеме
        • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
        • Квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс кызметі
          • Жемқорлыққа қарсымыз!
      • Тәрбие жұмысы
        • Терроризмен және экстремизммен күрес
        • Академиялық адалдық
        • Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес
        • Мәңгілік ел
        • Рухани жаңғыру
        • Студенттік кеңес
        • Психологиялық қызмет
        • Студенттің ар-намыс кодексі
    • Аттестация
      • КОНКУРС
      • Инновациялық жобалар
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
      • ДИРЕКТОР БЛОГЫ
    • КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ
      • ОҚЫТУШЫЛАР
      • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
      • ЖЕТІСТІКТЕР
      • ЛИЦЕНЗИЯЛАР
    • КОНТАКТІЛЕР
      • ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
  • Book Appointment
  • Bookings
Біз жайында

Кітапхана

Abish_Kekilbayev

Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана.

Әбіш Кекілбаев

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- кітапхана. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда колледж кітапханасы да рухани қазына болып табылады. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің» кітапханасы осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Кітапхананың жалпы көлемі 270 кв м.

Кітапхананың жұмыс істеу кестесі:
Дүйсенбі-Жұма сағат 08
:30-дан, 17:30-ге дейін.
Түскі үзіліс 13:00- ден, 14:00-ге дейін

Кітапхана міндеті:

Оқырмандарға сапалы да жылдам қызмет көрсету колледж кітапханашыларының басты міндеті. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу, қорды реттеп ұйымдастыру, оқырмандардың қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау.
Оқырманға абонементте, оқу залында, электронды оқу залында қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған.
Кітапхана қоры 48718 дананы құрайды. Оқулықтар 30774–дана, көркем әдебиет 13516–дана, оқу әдістемеліктер 3694– дана. Электронды оқу құралдары 734-дана. Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер, анықтамалық – библиографиялық құралдар, энциклопедиялар, сөздіктер, әртүрлі басылымдар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдардың үлкен көлемі. Кітапхана қоры Фолиант, Алматы «Мектеп», «Альманах» «Атамұра», «Арман ПВ», «Көкжиек», «ЛантерBOOKS» т.б баспалар арқылы толықтырылады. Аталған баспалар колледжге келіп кітап көрмесін жасап, жаңа кітаптармен танысу арқылы жыл сайын жаңа кітаптарға тапсырыс беріліп отырады.

Мамандықтарға сәйкес оқулықтар цифрландырып, COLLEDGE SmartNation платформасына жүктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүктелген электрондық кітаптар саны 1000-нан астам.

Колледж кітапханасы MegaRabis бағдарламасымен жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 1000-нан дана кітап енгізілді. Оның ішінде қазақ тілінде-3587, орыс тілінде 35741 дана.

Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Колледж кітапханашылары жаңа түскен студенттерге «Кітапхана ережесі», «Кітапханаға саяхат»т.б тақырыптарға әңгіме өткізеді. Мысалы: Оқырман конференциясы, әдеби-сазды кештер, кездесу кеші, көрмелер, жаңа кітаптарға шолулар және басқа да іс-шаралар. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің» кітапханашы : Аристанова Зерегул Жанбирбаевна.

Абонемент

Абонемент оқырмандарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапхана абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
– оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
– оқытушыларға, студенттерге және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
– қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
– оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.

Оқу залы

Колледж студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жинақталған.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
– пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
– ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
– оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
– анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
– ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.
Оқу залында оқытушылар мен оқушылар басылымдардың жаңалықтарымен танысып, реферат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады.

Мерзімді басылымдар

Кітапхана газеттің 4 түріне жазылады, соның ішінде мемлекеттік тілде 3 түрі бар. Олар: «Оңтүстік Рабат», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан»,«Рейтинг» және т.б.

Электрондық оқу залы

Оқытушылар мен студенттерге жүйелі түрде ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Электрондық оқу залы  6 компьютер, кітап сканері, интерактивті тақтамен, ксерокспен жабдықталған. Студенттерге арналған Коворкинг орталығы орналасқан. Бұл жұмыс, білім беру және әлеуметтік ортаны біріктіретін тамаша кеңістік. Мұндай орталықтар студенттерге білім алуға, кәсіби дағдыларды дамытуға және қарым-қатынас жасауға көмектеседі.  Электронды оқу басылымдарымен кітапхананың қоры толықтырылып отыр. Электрондық оқу залының мақсаты кітапхана қызметінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету. Бұл электрондық ақпаратпен жұмыс істеу, интернет ресурстарын жүйелеу, түрлі электрондық қызметтер көрсету және бөлімнің электрондық түрдегі қорын байыту. Электрондық оқу залында кітапхана оқырмандары электронды сөздіктерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, CD-ROM-дар мен DVD-да бар ақпараттарды пайдалануларына болады.
Сіздерге әрқашанда жаңа технологиялармен жұмыс істеуге кітапханашылар көмектерін көрсетуге дайын. Біз оқырмандарға уақыт талабына сай қызмет көрсетуге тырысамыз және де сіздердің лебіздеріңізді әрқашанда ықыласымызға аламыз!

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  •   +7 (7252) 55‒40‒69
  •   turkistan_agro@mail.ru
  •   Жибек жолы, 4/4 Тассай ж/м, Каратауский район, Шымкент

Search

Meta

  • Log in

Categories

  • postcategory1
  • Жаңалықтар

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі. Барлық құқықтар қорғалған@2025 By Themespride