Түркістан жоғары аграрлық колледжінде педагогтарды психологиялық сүйемелдеу, кәсіби жанудың алдын алу және онымен күресе білу үшін не істеу керек екенін қарастыру мақсатында «Педагогтар психикалық денсаулығы мен амандығын қалай сақтайды және нығайта алады» тақырыбында кеңес дәрістері өткізілді.
COVID-19 коронавирусының жайылуы бүкіл әлем халқының арасында мазасыздық пен үрей тудырды. Көпшілік үрей мен қорқынышқа бой алдырады, әрі вирусқа қатысты жағдай шарпығандар түрлі дәрежеде қатты байбалам, қорқыныш пен мазасыздықты басынан кешіруі мүмкін.
Туған-туыстарға алаңдау, белгісіздік, қашықтан жұмыс жасау, шамадан тыс күш түсу, тұрақсыздық – COVID-19 коронавирусының жайылуы кезіндегі барлық осы және басқа да факторлар эмоциялық күйіп кетуге де алып келуі ықтимал.
Осы уақытта педагогтарға өздерінің психикалық денсаулығына көңіл бөлуі, кәсіби жанудың алдын ала білу және онымен күресе білу өте маңызды.
Өз-өзіне көмек беру – жаудың алдын алудың және онымен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.
Өз-өзіне көмек берудің қандай түрлері бар екенін қарастырайық – адам 6 салада (физикалық, психологиялық, эмоциялық, рухани, кәсіби және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік арқылы) өзіне көмек іздей алады.