Иманды қыз, аяулы ана
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аналар кеңесінің» төрайымы Бекмурзаева Зульфия Бекмырзақызы және Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің «Аналар кеңесінің» төрайымы Уркенбаева Айткүл Тамашқызының қатысуымен «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты: білім алушы аруларымыздың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, иманды да инабатты қыздардың бейнесін қалыптастыру. Іс-шара барысында қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады, зайырлы қоғамдағы қыз баланың ролі; қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтармен сабақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Тәрбие сағаты сырласу кеші ретінде өтіп, естелік фотосуретке түсіп, қыздарымыз жақсы көңіл-күймен тарқасты.