“ЕРЛІК-ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН”
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде «Дене тәрбиесі және АӘД» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты спорттық ойындарынан жарыс өтті. Спорттың адам денсаулығына тигізетін пайдасын насихаттау мақсатында өткізілген жарысқа 1-курс білім алушылары белсене қатысты. Іс-шара соңында жүлделі орындарға ие болған спортшылар мақтау қағаздарымен марапатталды.