Колледжіміздің студенттер үйінде әлеуметтік педагог-психолог Н.Бейпенова және мейір бике Ф.Небесаеваның ұйымдастыруымен жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара міндеті жасөспірімдерге денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін сақтап, зиянды әдеттермен күресуге баулу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.