Жас оқытушылар мектебінде тәжірибелі арнайы пән оқытушысы Усербаева Назым Абдраевна «Дәстүрлі білім беру процесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибесімен бөлісті.
Мақсаты: Қашықтан оқытудың ерекшеліктерін зерттеу (қашықтағы сабақтарды ұйымдастыру, жоспарлау). Білім алушыларды қашықтан оқытуға ынталандыру мен қатыстырудың ерекшеліктерін зерттеу (білім алушылардың өзіндік жұмысын қалай ұйымдастыруға болады немесе үй тапсырмасын қалай тексеруге болады және тағы да басқалар).