Ауыл шаруашылығын механикаландыру кафедрасы

   Кафедраның сапа саласындағы мақсаты

  1. Кафедра оқытушыларының теориялық және әдістемелік деңгейін көтеру нәтижесінде оқу процесінің сапасын келесі көрсеткіштерге жеткізу:

 – Үлгерім көрсеткіші    – 100%

         – Сапа көрсеткіші          – 92%

      – Орта балы                    – 4,3

  1. Оқытушылардың кәсіптік шеберлігін жоғарылату;

– Республикалық семинарларға, конференцияларға және байқауларға қатысу;

– Республикалық деңгейдегі оқу орталықтарында біліктілікті арттыру;

– Облыстық кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында өткізілетін

байқауларға, конференцияларға және семинарларға қатысушыларды дайындау.

  1. Оқу процесінде инновациялар мен оқытудың жаңа технологиясын кеңінен қолдану.

– Кафедра оқытушыларымен 8 оқу – әдістемелік талдау дайындау;

– Зертханалық – практикалық сабақтарда кәсіби дағдыларды қалыптастыратын

құрал-жабдықтар, шикізаттармен қамтамасыз ету;

– Әлеуметтік серіктестіктермен байланысты нығайта отырып, жаңа

технологияларды оқытуда оқытушыларды іс-тәжірибеден өткізу, дуальды және

модульдік оқыту жүйелерін жаңа жолға қою (шебер сыныптар, семинарлар,

дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізу).

  1. Оқытушылардың педагогикалық біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру.

– 14 ашық сабақ өткізу, І-ж.ж. – 8; ІІ-ж.ж. – 6.

– 1 оқытушы педагогикалық оқуда баяндама жасау

– 1 оқытушы – аттестациядан өту;

– 2 оқытушы – біліктілік арттыру курсына жіберу

  1. Білім алушыларға жоғары деңгейде экономикалық тәрбие беру

– Арнайы пәндерде мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық

құралдардан тың іс – тәжірибелерді қолдану;

– Кәсіпкерлік туралы мәліметтер беру;

– Президенттің кезекті Жолдауын насихаттау, талдау;

– Жаңа форматтағы білім беру бағдарламаларын білім алушыларға жеткізу,

ынталарын арттыру.

  1. Сабақтан тыс іс – шараларға қоғамдық, спорттық, тәрбие жұмыстарына белсене араласуын қадағалау

– Worldskills,Agroskills чемпионаттарына қатысу және студенттерді дайындау;

– «Үздік топ жетекші» колледж ішілік байқауына қатысу;

– «Үздік дәрісхана» колледж ішілік байқауына қатысу;- «Үздік кафедра» колледж ішілік байқауына қатысу;

Колледжде оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, ғылыми – әдістемелік жұмыстарды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда инновациялық технологиялар негізінде білім бере алатын  педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі. Осыған орай, 2018 жылы 5-9 қараша аралығында оқу – тәрбие жұмысын басқару, оқытушыларды жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу, өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білуі, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеруі, білім алушылардыңғылыми- танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді болуына ықпал жасау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру  мақсатында кафедраның«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың негізі – кәсіби тәжірибе»тақырыбындағы апталығы өткізілді.Колледж әдіскері Н.Оспанова  апталықтың жоғары деңгейде өтілгенін және өткізілген іс-шараларға барлық оқытушылар үлкен жауапкершілікпенқарағанын атап өтті. Сонымен қатар, оқытушыларға айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, алдағы уақытта одан да жоғары деңгейде өтетіндерін айтып, «5» деген бағамен бағаланды

  1. Білім алушылардың жан – жақты білімді болуына жеке тұлға болып қалыптасуына, өздігінен ізденуіне әсер ету

– Колледж ішілік апталықтар аясындағы қоғамдық іс – шаралар мен арнаулы

күндерді өткізуге белсене атсалысу;

– Қайырымдылық іс- шаралар мен жастар тәрбиесіне ықпалы бар кездесулер,

дөңгелек үстел, дебат, шебер сыныптар, «флэш – моптар» өткізу.

  1. Озық технологиялық тәжірибелерді талдап отыру

– 2 оқытушы «Жас оқытушылар мектебіне» қатыстыру;

– 4 оқытушы «Жас оқытушылар мектебінде» сабақ өткізу.

  1. 2019 жылдыңқараша айының 4.11-8.11 күндері аралығында «Білім мен кәсіби машық- құзыреттіліктің негізі» тақырыбында өтетін апталықты жоғары деңгейде өткізу.

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» саласы бойынша М-171 тобының студенті Шыныбек Нұрбах Халықаралық WorldSkills чемпионаты аясында өткен WorldSkills Shymkent-2018 байқауында  жүлделі І-орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының әдістемелік кабинетінің директорының дипломымен марапатталды.   WordSkills Kazakhstan –Жыл шебері -2018» республикалық  чемпионатына жолдама алды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстандағы мегаполистердің азық түлікбелдеуі және ауыл шаруашылық кооперациясы: проблемалар, ізденістер және нәтижелер»халықаралық ғылыми конференциясына 2-курс студенттері Сатыбалды Қ., Семей А. баяндамалары құнды деп табылып, 1-орын алса, Тынысбек А., Өмірзақ Е жүлделі 2-орынға ие болды. Осы конференцияға 3- курс студенттері Тұрлыбай Әліби, Назымбет Т. қатысып, 2-орынды иеленді.