Рақмет айтып ризашылық сезімін білдіру – бата-тілек айту – психологиямыздың мықты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» деген еді. Қазақ тумысынан кез-келген берекелі іске, дүниеге алғысын аямаған, алғыс айтудан қашпаған. Алғыс алу адамның жанын жадыратады. Алғыс естіген сайын жақсы іс тындырып, қуанышымыз еселене түседі, солай емес пе?
Алғысқа бөленген адам күйзелістен, қанағаттанбаушылық сезімінен арылады. Жаман оқиғаны тез ұмытып, игі іске ниетті. Өміріне көңілі толмай, әр адамның бойынан кемшілік іздеп, әр жағдайдан тығырық көрген адамға жамандық қайта оралып келе береді дейді.⠀
Түркістан жоғары аграрлық колледжі ұжымы, баршаларыңызды «Алғыс айту» күнімен құттықтайды!