АЛҒЫС АЙТУ-ПАРЫЗЫМ
1- наурыз “Алғыс айту” күні мерекесі колледжіміздің фойесінде ұстаздар мен студенттерге алғыс айтумен басталды. Өзін-өзі басқару ұйымының жастары ұстаздарға ерекше ықыласқа толы, жүрек тебірентер тәтті тілектері мен алғыстарын білдірді.Қатал қыстың ызғары кетіп, жаңа күннің атуына алғысын білдірген ұжымдағы С.Дүйсенбайқызы бастаған тәрбие бөлімі ас беріп, құран оқылып, үрдіс жалғасын тапты. Барша бауырлас достарға, ағайын туысқа, әріптестерге, дос жарандарға ерекше алғыс білдіре отырып, мерекелеріңізбен құттықтаймыз!