Posted On 29.09.2025

«Нағыз маман – кәсіп иесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

admin 0 comments
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ >> Жаңалықтар >> «Нағыз маман – кәсіп иесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 2-тармағына және Түркістан облысы әкімінің 2025 жылғы 6 ақпандағы «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» МКҚК базасында ауылшаруашылық Альянстың ғылыми әлеуетін айқындау және ғылыми тәжірибелік бағытын күшейту мақсатында «Нағыз маман – кәсіп иесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты мен міндеттері:
•​Ауыл шаруашылығы саласында кәсіби білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындау, ғылым мен білімді, өндірісті интеграциялау арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
•​Ғалымдардың қатысуымен аграрлық саладағы жаңа ғылыми жетістіктер мен инновацияларды таныстыру;
•​Студенттерге ғылым мен тәжірибенің байланысын көрсету;
•​Колледж бен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы әріптестікке жол ашу;
•​«Нағыз маман – кәсіп иесі» болудың ғылыми-тәжірибелік негіздерін талдау.
​Семинарға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары, әлеуметтік серіктестіктер, ауылшаруашылығы саласына кадрлар дайындайтын колледждерінің басшылары, басшының ӨОІЖ орынбасарлары мен арнайы пән оқытушылары қатысты.
​Түркістан облысы білім басқармасының ТжКОББ бөлімінің бас маманы Нәлжігітова Р.О. семинарға қатысушыларды құттықтап, семинардың мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Семинарға қатысқан ғалымдар Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы – а.ш.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА академигі, ОБМжӨШ ҒЗИ-ның бас ғылыми қызметкері, Алибаев Нурадин Нажмединұлы – а.ш.ғ.д., М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Баймаханов Кенжемирза – т.ғ.к., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті, Тағаев Асанбай Мамадалиұлы – а.ш.ғ.к., Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы «Технологияларды трансферттеу және бейімдеу» бөлімінің меңгерушісі өздерінің зерттеу саласы бойынша ауыл шаруашылығындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялар туралы баяндама жасады.
Әлеуметтік серіктесіміз Амерханов Толкын Кулатаевич – «ALSERA KZ» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі жылыжайда қызанақ өсірудің жаңа технологиясымен таныстырды және жұмыс беруші көзімен – нағыз маман бейнесі туралы өз пікірін айтты.
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі директорының ОӘБ жұмысы жөніндегі орынбасары, б.ғ.к. А.Т. Қазыбаева нағыз маман – кәсіп иесін даярлауда ғылым мен білімнің, өндірістің ықпалдастығы туралы 2022 жылдан бастап колледждің педагог құрамындағы ғалымдардың ауыл шаруашылық саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыруы, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуі тәжірибелері жайында баяндады.
Семинар барысында баяндамалардан кейін сұрақ-жауап пен пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар көтерілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, ғалымдар мен тәжірибелі мамандарға нақты сұрақтар қойды. Бұл өз кезегінде семинардың мазмұнын тереңдете түсті және қатысушылар үшін тәжірибелік мәнін арттырды.
Соңында, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің директоры Алипбеков Наржан Жапарұлы семинарға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, семинарды қорытындылады.https://www.facebook.com/share/v/19gvsDLSEG/
https://www.facebook.com/share/v/1gc8BXFvix/

Related Post

Талапкерлерді оқуға қабылдау басталды!

🎓 Құрметті талапкер! Болашағыңа нақты қадамды бүгін жаса!📢 Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі (мемлекеттік лицензия…