70 жасқа толу мерейтойы

Құрметті, Досымбек Алмағанбетұлы!

Көптеген жылдар бойы Сіз еліміздеауылшаруашылығының білікті мамандарын дайындауға зор үлес қосудасыз. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында саналы ауылшаруашылығы қызметкерлерін дайындап, үлкен белестерге жеткіздіңіз. Осы заманға сай білім берген шәкірттеріңіз Қазақстанның түпкір – түкпірінде білімді мамандар болып қызмет атқаруда.
Бүгінгі күні колледжіміздің мақтан тұтар академигі, профессорысыз. Ғылым саласында тартулы жетістіктерге жетіп, көптеген оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың авторысыз. Еңбекте де талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. 70 жасқа толу мерейтойыңызбен құттықтай отырып, құрметті Досымбек Алмағанбетұлы, Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасыңызға амандық, еңбекте сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған