Ұлағатты ұстаз!

Раманкулова Кенжеш Егизеккызы- «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі» МКҚК–ның арнайы пән оқытушысы;
«Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2016 – 2020 жылдарда штаттан тыс тренері.
⇒ Туған жылы: 23.12.1963 ж
⇒ Білімі: Жоғары
⇒ Қазақстан Республикасның қандай мемлекеттік наградалары: Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы
⇒ Жалпы жұмыс өтелі:40 жыл
⇒ Саладағы жұмыс өтелі:35 жыл
⇒ Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтелі:29 жыл
Раманкулова Кенжеш Егизеккызы 12 желтоқсан1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Бөген ауданы,Қараспан ауылдық округінде туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары, жанұялы. Алматы жеңіл және тамақ өнеркәсібіинститутын 1986 жылы бітірген. Мамандығы «Консервілеу технологиясы», біліктілігі «инженер-технолог».
⇒ Республикалық қоғамдық қорының «Ұстаз жолы» Елеулі еңбегі үшін төс белгісімен, «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының алғыс грамотасымен, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы «Құрмет грамотасы» марапаты, Оңтүстік Қазақстанмаслихатының алғыс хаттарын, Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасын алған.
Еңбек жолын 1980 жылы Сарыағаш ауданы, С.Сейфуллин мектебінде пионерлер жетекшісі, 1981-1986 жылдары Қазақ химия технологиялық және Алматы жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында оқып бітірген,Сайрам жеміс-көкөніс өңдеу зауытында кіші мастер, 1992 жылдан бұрыңғы «Шымкент жоғары аграрлық колледжінің», қазіргі таңда «Түркістан жоғары аграрлық колледжі» , Қайта өңдеу технологиясы кафедрасының арнайы пән оқытушысы қызметін атқарып келеді.
Раманкулова Кенжеш Егизеккызы – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Түркістан жоғары аграрлық колледжі қабырғасында жасөспірімдерге кәсіби білімділік және іскерлік қабілеті мол, нарықтық қатынас заманына бейімделген, ой-өрісі жан-жақты дамыған ел азаматтарын қалыптастыру барысында білікті маман иесі ретінде танылды.
Раманкулова Кенжеш Егизеккызы – тамақ өнеркәсібі саласында сауатты маман, кафедра меңгерушісі және бөлім меңгерушісі жауапты міндеттерін атқаруда оқу әдістемелік кешенді құжаттарды оқу үрдісіне дайындау жұмыстарын атқарды, 2016 жылы оқу орынының модульдік құзыреттілік негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп мамандыққа дайындалатын «эксперименттік жұмыстық оқу жоспарының» авторы, «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2016 – 2020 жылдарда штаттан тыс тренері.
«Talap» КЕАҚ-ның Оқу әдістемелік орталығының тапсырысы бойынша 2018 жылы «1224000 –«Сүт өнімдері өндірісі»,
2019 жылы «1222000 – «Консервілер және тағам концентраттары»,
2020 жылы «1237000 – «Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу» мамандықтарына оқу құралын дайындау,
Жаңа білім беру стандарттарын дайындау
2017 жылы «Сүт өнімдері өндірісі»,
2018 жылы «Өсімдік өнімдерін өндіру» мамандықтарына,аталған мамандықтарға «Үлгілік жұмыстық оқу жоспарын» өзектендіру жұмысшы тобында жұмыс жасады.
Ұлттық тестілеу орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздарының біліктілік деңгейін анықтауға қажетті«1222000 – «Консервілер және тағам концентраттары»мамандығына тест тапсырмаларын дайындау, «1222000 – «Консервілер және тағам концентраттары» мамандығына,«1237000 – «Жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеу технологиясы» мамандығынатест тапсырмаларына сараптама жасау жұмыстарына қатысты.Атамекен палатасының жұмыс берушілерінің «Консервілеу өндірісі саласына» дайындалған «Кәсіптік стандарттар» мазмұнына сараптау ұсынымын жасады. Оқу орынында «Қашықтықтан оқыту жүйесінде», оқу әдістемелік кешендік құжаттарды дайындау, бейне сабақтар орындау сайысы бойынша II орын жүлдегері.
Кенжеш Егизеккызы – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, жаңашыл, ізденпаз тұлға. Жас мамандардың тәлімгері, білім саласына елеулі еңбексіңірген ұстаз, білім беру мазмұнын жаңарту жұмыстары бойынша республика көлемінде танымал жан.
Наградалары:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасы».
Республикалық қоғамдық қорының «Ұстаз жолы» Елеулі еңбегі үшін төс белгісі және куәлігі, «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының алғыс грамотасы, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы «Құрмет грамотасы» марапаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған