Қымбатты студенттер

№345 бұйрық негізінде 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі басталды. Ұзақ үзілістен кейін студенттер қайтадан партаға отырып, бірге оқитын курстастарымен және оқытушылармен кездесті. 1-курс білім алушылары аралас оқуға ауысады, қалған 2-3-4 курс білім алушылары қашықтықтан оқыту форматында қалады. Біз студенттермен жұмыс істеу алгоритмін және коронавирустық инфекцияны жұқтыруға күдік туындаған жағдайдағы шаралар алгоритмін әзірледік (анамнезді күнделікті жинау, термометрия, тексеру). Оқу ғимараты корпустарында 2 медициналық пункт жұмыс істейді. Дене температурасын өлшейтін, бетперде режимін, антисептикті пайдалануды бақылайтын бекеттер орнатылды.

  • Қабаттық кварцтау жүргізіледі.
  • Жатақхана мен корпуста карантин режимі енгізілді (бөгде адамдарға кіруге тыйым салу).
  • Қажет болған жағдайда студенттерді оқшаулау үшін жатақханада 4 карантиндік бөлме дайындалған.
    Арнайы медициналық жабдықтар сатып алынды:
  • Санитайзерлер саны 100
  • Кварц шамдарының саны 5
  • Байланыссыз медициналық термометрлер саны 10

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіздер 55-40-69-ға хабарласа аласыздар. Қоңырау шалыңыздар, біз Сіздерге міндетті түрде көмектесеміз. Құрметті студенттер, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау қажеттілігі туралы тағы да естеріңізге саламыз. Бетпердесіз білім алушылар сабаққа жіберілмейді! Бір-біріңізге жауапкершілікпен және мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Дендеріңіз сау болсын! Табысты оқу тілейміз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған