Ветеринарлық жалпы кәсіптік пәндері

«Ветеринарлық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы

Мамандық бойынша орта кәсіптік білім беру құқығы ҚР МЖМБС 4.05. 059-2009 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №744 бұйрығы 10.12.2012 жыл, мемлекеттік лицензия № 011 мерзімі шектеусіз. 1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша оқыту мерзімі – 9сынып негізінде  3 жыл 10 ай, 11 сынып негізінде -2 жыл 10 ай. Оқыту күндізгі түрде, мемлекеттік тапсырыс және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Оқу – әдістемелік жұмыс

Мамандық бойынша оқу-әдістемелік жұмыс төмендегі негіздер бойынша жүргізіледі:

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандарты
  • Жұмыс оқу жоспары
  • Типтік және жұмыс бағдарламалары
  • Оқу үрдісінің кестесі

Жаңа жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша типтік оқу бағдарламалары, жаңа стандартқа байланысты оқу жұмыс бағдарламаларын жасап  әдістемелік кеңестің 28.08.2019 жылдағы отырысында бекітілген.Оқу сабақтары оқу үрдісінің кестесіне сай өткізіледі, сабақ кестесі әр жартыжылдыққа жасалынады, апталық жүктеме 36 сағат 5 күнге бөлінген, оқу сабақтары күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өткізіледі, 1 қосарланған сабақтың ұзақтығы -90 минут.

Кадрлар әлеуетін талдау

1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар толығымен қамтамасыз етілген. «Ветеринарлық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасында

16 оқытушы бар

Оқытушылардың барлығы жоғары білімді.

Ғылым кандидаттары-2

Магистр – 1

Жоғары санатты оқытушылар- 1

І санатты оқытушылар -1

ІІ санатты оқытушылар -9

Санаты жоқтар -2

Емтихан ведомостары өз уақытында және ұқыпты толтырылады. Негізінен келесі сұрақтар қарастырылып, іске асырылады:

  • Күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құру;
  • Оқу кабинеттерінің жұмыс жоспары;
  • Үйірме жұмыс жоспары;
  • Емтихан билеттері материалдары;
  • Оқу, өндірістік және диплом алды технологиялық тәжірибені үйретуді және таратуды;
  • Оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясының нәтижесі.

Білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауы үшін оқытушылар тәжірибелік, курстық жұмыстар мен жобалар, үй тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқауларды жасап шығарды. Мамандық бойынша ғылыми әдістемелік, оқу-әдістемелік жұмыстар оқу жылының басында бекітілген колледждің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мамандықтағы пән оқытушылар өткен оқу жылында өз біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау орталығында  педагогикалық біліктілігін көтеру курстарынан өтті.