Сыры көп, айтары аз қыз баланың.
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің І курсында білім алушы бүгінгі аруларымызға халықтық тәлім — тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру, ертеңгі адал жар, аяулы ана, ардақты әже атануына үлес қосып қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында «Сыры көп, айтары аз қыз баланың» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында қыз тәрбиесінің мәселелерін, қазіргі қазақ қызының бейнесі, ұлттың қалыптасуы, әйелдің қоғамдағы рөлі, ерте жүктіліктің алдын алу сұрақтары талқыланды.