Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты «Jaidarman live» жобасы

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты қараша айында жайдарлы телекөрерменге республикалық телеарна арқылы көрсетілімін бастайды. Жас таланттар мен тәжірибелі ойыншылар 1/8 финал, ширек финал, жартылай финал, финал кезеңдері бойынша сайысқа түседі. Жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы көпшіліктің сүйіп көретін және сүйіп ойнайтын әзіл алаңы. Жайдарман қозғалысы қазіргі кезде еліміздегі әр мектепте, жоғары және арнайы оқу орындарымен қатар, мекемелерде де құрылып, елімізде кеңінен танылып келеді. Жайдарманның ең басты ерекшелігі- өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында.. Колледжіміздің «АгроNews» КВН командасын ойынына бірге жанкүйер болайық! 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған