«Стандарттау технологы» ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қызметі мен жұмыстарын стандарттау мен сапасын басқарудың маңызды принциптері мен әдістерін, Қ.Р.стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін және халықаралық стандарттау құқықтық мөлшерлі-техникалық негіздерін білетін маман ретінде дайындалады.
Қ.Р. «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңының негізгі ережелері мен баптарын, стандарттауға тиіс объектілер мен қызмет түрлерін Қ.Р.мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын жасаудың қағидалық құжаттарын, принциптері мен әдістерін, стандарттау мен бақылауды мемлекеттік басқарудың құрылымы және қызметін, сапаны қамтамасыз етудің принциптерін білуі тиіс.
Стандарттау технологы мал шаруашылығы өнімлдерін, шикізаттарын, қайта өңдеу тауарларын, мал дәрігерлік қызмет көрсету техникалық процестерін бақылайды.
Мемлекеттік үлгідегі дипломмен қатар лаборант-таксиколог мамандығын қосымша алады.
1503000 – «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіруші орта және жұмысшы маманы шаруа қожалықтарында, өндірістік кооперативтерде, агроөнеркәсіптік бірлестіктерде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсімдік шаруашылық өнімдерін үдемелі технология негізінде өндіруге негізгі атқарушы ретінде қызметкер болып жұмыс істеу үшін дайындалады.
Азық-түлік өнімі ретінде қолдану мақсатында екпе өсімдіктерді күтіп-баптау, өнімді азық ретінде, шикізатты өндіріс үшін және сәндік мақсатында алу. Дала дақылдарының сұрыптары, гибридтері мен нысандарын зерттеу, биология ерекшеліктерін және аз шығын мөлшері арқылы жоғары өнімділік пен сапаны қамтамасыз ететін дала дақылдарын өсірудің озық тәсілдерін зерттеу.
Өсімдік шаруашылығы кәсіби маман ретінде мына қызметтерде жұмыс істеуіне болады: агроөнеркәсіп кешенінде тұқымдарды суландыру желісінің операторы; тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы; күрішші; темекі өсіруші; гүл өсіруші; құлмақ өсіруші; саңырауқұлақ өсіруші; эфир майын алушы; тәлімбақ маманы; тұқым шаруашылығы жөніндегі маманы сонымен қатар, сала бойынша өз мамандығына сәйкес жұмыс істей алады.
Өсімдік шаруашылығы дақылдарын, екпе дақылдарын, тұқымдарды отырғызу жұмысының дағдылары, құрал-жабдықпен жұмыс істеу, залалсыздандыру құралдарын қолдану, химиялық және биологиялық препараттарды пайдалану, топырақты егу жұмыстарына және отырғызуға дайындау, тыңайтқыштарды дайындау және топыраққа салу, отырғызылатын ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және отырғызылған көшеттерге күтім жасау, өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді және сақтауды, ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеуді, қоршаған ортаны қорғауды білу керек.
Техник-технолог білуі және істей білуі тиіс:
• сүт және сүт тағамдарын өндіру технологиясын;
• процестердің теоретикалық негіздерін;
• нарықтық экономиканың, менеджменттің, маркетингтің негіздерін;
• өндірістің санитарлық, қауіпсіздік техникасының ережелерін;
• жабдық және оны пайдалану ережелерін;
• шикізат пен өнімдердің техникалық қасиеттерін анықтау;
• реттеу процесінің сапасын анықтау;
• жоғары сапалы өнімдерді шығару үшін ең аз мөлшер шығын ресурстарды қамтамасыз ету;
• сүт өнімдерін шығарғанда бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру;
• оперативтік есеп және есеп беруді жүргізу;
• еңбек қауіпсіздігінің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
• өндірістің қаржы жағдайын таңдауы.
Техник-технологтың қызмет объектілеріне құжаттауды қамтамасыз ету қызметі, жеке жұмыс учаскесі мен ҚҚБ қызметінің инспекторы ретінде қызмет көрсету жатады.
Кәсіптік қызметінің түрлері:
• өндірістік-технологиялық жұмыстар;
• өндірістік – басқару жұмыстары
Аспаз:
– қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты бұйрық – жарлықтарды, қаулыларды және басқа да жетекшілік және нормативті құжаттарды;
– тағамдар мен аспаздық өнімдердің ассортименті мен оларға қойылатын талаптарды;
– санитарлық – гигиеналық, технологиялық талаптарды, тағамдар мен аспаздық өнімдердің рецептура жинағын;
– тиімді және емдәмдік тамақтандыру негіздерін;
– ас мәзірін құрастыру тәртібін;
– өнімдер есебі мен беру нормаларының ережелерін;
– тағамдар мен аспаздық өнімдер калькуляциясын;
– өндірістік тауарларға, шикізат пен жартылай өнімдерге стандарттар мен ТШ;
– дайын өнімдерді, шикізат пен жартылай өнімдерді сақтау ережелері мен мерзімдерін;
– технологиялық жабдықтар түрін, жұмыс қағидаларын, техникалық сипаттамаларын және қолдану жағдайларын;
– өндірістік бөлмелерге, жабдықтарға, құрал – саймандар мен ыдыстарға және т.б. талаптарды;
– ішкі тәртіп ережелерін;
– еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
Кәсіптік қызметінің объектілері: Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мамандандырылған кәсіпорындар, тамақтану коминаттары.
Техник-технологінің кәсіптік қызмет түрлеріне жататындар: аспазшы, шеф аспазшы.
Орта арнайы білімді агроном шаруа қожалықтарында, кооперативтерде, акционерлік қоғамдарда, агроөнеркәсіптік бірлестіктерде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өсімдік шаруашылық өнімдерін үдемелі технология негізінде өндіруге негізгі атқарушы ретінде қызметкер болып жұмыс істеу үшін дайындалады.
Ауыспалы егісті құру, егін шаруашылығы негізгі заңдарын, топырақ құрамын, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын сол аймақтың жағдайына қарай өсіру негізін тиімді пайдалануды игереді. Жер туралы заңның орындалуын қадағалайды.
Агроном кәсіби маман ретінде мына қызметтерде жұмыс істеуіне болады: Шаруа қожалығында, кооперативті төрағасы немесе агроном, әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын сол аймақтың жағдайына қарай өсіру негізін тиімді пайдалануды игереді. Жер туралы заңның орындалуын қадағалайды.
Агроном кәсіби маман ретінде мына қызметтерде жұмыс істеуіне болады: шаруа қожалығында, кооперативті төрағасы немесе агроном, әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп өндіретін бригадалардың басқарушысы, агрономы, арендалық мердігерлік және ауыл шаруашылық есеппен жұмыс істейтін бөлімдердің басқарушы маманы сонымен қатар, сала бойынша өз мамандығына сәйкес жұмыс істей алады.
Өсімдіктерді арамшөптерден, аурулардан, зиянкестерден қорғау жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді және сақтауды, ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеуді, қоршаған ортаны қорғауды білу керек. Мемлекеттік дипломмен қатар тракторист-машинист мамандығын қосымша алады.
Білім берудің оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде жоғары деңгейдегі маман міндетті:
маман білктілігі деңгейіне сәйкес толық оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан басқару құзіретті меңгеру:
Өзара және коммуникативтің мінез-құлық ережелерін, іскерлік қарым-қатынас этикаларын қадағалау;
Стратегиялық міндеттерді есепке ала отырып, өз қызметтерін жоспарлауды және нақты тактикалық міндеттерді орындау;
Ақпарат көздерін өз бетінше іздестіре отырып, өз тәжірибе білімі негізінде тәжірибелік міндеттерді шешуді;
Жұмыстарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау мәселесі бойынша ұжымдық шешім қабылдауға қатысу;
Қызметті жүзеге асырудың рационалды тәсілі мен құралдарын таңдау;
Қол астындағылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, жұмыс істеу.
Білім берудің оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде жоғары деңгейдегі маман міндетті:
Маман біліміктілігі деңгейіне сәйкес толық оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан арнайы құзыретті меңгеру:
Технологиялық кешендердің қарқынды жолын таңдай отырып, өндірістік процестерді механикаландырудың тиімді жолын жүзеге асыру;
Тапсырылған жұмыстардың кәсіби және жалпы технологиялық талаптарды сақтай отырып, орындалуын қадағалау.
Қондырғылар мен техникаларды техникалық талаптарға сәйкес және техникалық қызмет көрсету кестесін сақтай отырып пайдалануды ұйымдастыру;
«Техник-механик»:
Жұмысшылардың жұмысын басқару;
Техника қауіпсіздігі мен санитарлық мөлшердің сақталуы бақылауды жүзеге асыру;
Жұмысшылардың біліктілігін жоғарлату үшін жағдай жасау;
Стандартқа сай емес құралдарды енгізу мен өңдеуді бақылап жасау;
Орындалған жұмыстың сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Өндіріске жаңа қондырғылар мен стендтерді ендіру.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық бойынша Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік оқу орындарындағы білім алушылардың дайындық деңгейін және сапа талаптар баламалылығын қамтамасыз етеді.
Электрлік жабдықтау мен электр қондырғыларын; электр таратқыштары мен әуе желілерінің құрылғысын; кабель жолдарының құрылғысын; тарату құрылғылары мен трансформаторлы қосалқы станцияларын; электр жарығын беретін қондырғыларын; тұрақты токтың электрқозғалтқыштарын; айнымалы токтың электрқозғалтқыштарын; ток түрлендіргіштерді; 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы басқару және қорғау аппаратурсын; электр жинақтау жұмысының негіздерін; электр қондырғыларын күтудің жалпы мәселелерін; өнеркәсіптік бағыттағы электр қондырғыларды күтуді; арнайы бағыттағы электр қодырғыларды күтуді; электрлік жабдықтарды жөндеуді;
Қызмет ететін машиналардың, механизмдер мен электр аппараттарының, әуе желілерінің құралым белгілерін, жұмыс принципі мен техникалық сипаттамаларын; маталар мен бөлшектерді өңдеу тәсілдері мен әдістерін; электр қондырғыларының құрылысы мен қызмет ету ретін; машиналар мен механизмдерін, электр аппараттарын пайдаланғанда, зауыт және жергілікті нұсқаулықтармен қойылатын техникалық талаптарды; электр жабдықтары монтаждау тәртібін; өлшеу құрал-саймандары мен аспабының мақсаты мен пайдалану ережелерін, өндірістік санитарияның, өртке қарсы және ішкі тәртіп ережелерінің шаралары бойынша нұсқаулықтарын, материалдар мен құрал-саймандарды үнемді жұмсау және пайдалану ережелерін білуі керек;
Монтаж және демонтаж бойынша жұмыстарын орындауды, әуе желісін, телефон желісін жермен қосуды, релелік және кабельдік желілеріне қызмет етуді және жөндеуді; айнымалы және тұрақты токтың электрқозғалтқыштарын, гидроскопиялық аспаптарды жөндеуді және оларға монтаж жасауды.
Бітірушінің кәсіптік білімділік деңгейіне қойылатын жалпы талаптар:
Өндірістік оқыту шебері, ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің техник-электригі;
– қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар негізін меңгереді, алған білімін және осы ғылымдар әдістерін кәсіптік және басқа қызметтерде қолдана білуі керек.
1514000 – «Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы ресурстарды тиімді қолдану» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламасының төмендегідей біліктілік жүзеге асады.
– Өнеркәсіп ауыл шаруашылығының негізгі салаларының экологиялық ерекшеліктері кәсіпорындардағы экологиялық мәселелер оларды шешудің жолдары.
– Нақты геологиялық жағдайларда қоршаған ортаның ластануын бағалау.
– Инженерлік құрылыстардың түрлерін және олардың қоршаған ортаға ықпалын, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды негіздеу;
– Жерлердің техногенді бұзылуына талдау жүргізу;
– Кең тараған минералдар мен тау жыныстарын анықтау.
– Гидрологиялық, инженерлік-геологиялық, радиологиялық және экологиялық бақылаулардың нәтижелерін өңдеу;
– Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің түрлерін біле отырып «эколог» маманы ретінде ғылыми басқармаларда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істей алады.
Маман қосымша «Химиялық талдау зертханашысы», «Химико-бактериологиялық талдау зертханашысы», «Зертханашы-микробиолог», «Спектірлік талдау зертханашысы» «Радиометрист-зертханашы» мамандықтардың бірін меңгереді.
Орманды қорғау және сақтау облысында заңдарды сақтау үшін бақылау жүргізу процесі, өрт сөндіру күзетшілерінің, орманшылардың жұмысын басқару, аралап шығуға тексеру жүргізу, орман байлығын көбейту мен сақтау мәселелері бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу өрт сөндіру ережелерін орман пайдаланушыларымен сақтауды тексеру, сүректерді дінімен жіберу, өндірістік жоспармен кесу мен оның жұмыс сапасын тексеру.
Жоспарлы тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру процесі, еңбек, материалды және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, алдыңғы қатарлы техника мен технологияны орман шаруашылығы өндірісіне енгізу , орманды өрттен сақтау, өз бетінше ағаш кесу, орман бұзушылық, зиянды жәндіктер мен орман ауруларынан орманды сақтау, орманды, кеспеағаш қорын және өсіп тұрған сүректі ұдайы ұлғайту.
Жасыл құрылыс объектілерін жобалау және қайтадан жасау процесі, бақтарды, орман парктерін, дендрологиялық саябақтарды, скверлерді, клумбірерлі көгалдандыру үшін ағаш отырғызу материалдарының тұқымдарын таңдау, жасыл екпе ағаштарын күту, көгалдандыру жұмыстарын өткізуін басқару
– Әр түрлі меншік түріндегі агроөнеркәсіп кешенінде жануарлар ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізу.
– Ауруларды ескертудің ветеринарлық-санитарлық профилактикалық шараларын ұйымдастыру және жүргізу.
– Инвазиялық, инфекциялық аурулардың алдын алу және көзін жою шараларын жасау себептерін сараптау.
– Жануарлар өлекселерін жарып көру, лабораториялық зерттеу үшін сынамалар алу.
– Малдарды қабылдау, оқшаулау, карантиндеу және союға жіберуге арналған ветеринарлық актілер мен басқа шаруашылық өнімдерін сараптауды жүргізу.
– Мал азықтары мен жайылымдарының, мал суаттарының, айдап өтетін жолдарының, мал құралдары мен қасапханалардың жағдайына санитарлық бақылау жүргізу.
Санитарлық бақылау жүргізу
– мал мен құстарды, өнімдер мен шикізаттарды тасымалдаған көліктерді жуу және зарарсыздандырылуын, қиды биотермиялық дұрыс өңделуін бақылау.
Лаборанттың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– жалпы қабылданған әдістер бойынша тағамдық өнмдерді, жартылай өнімдер мен аспаздық өнімдерді зерттеу;
– тамақтандыру кәсіпорындарына түскен және осы кәсіпорындар тарататын өнімдерге экспертиза жүргізу.
Көкөніс тұздаушының кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– орамжапырақты, қияр және басқа да көкөністерді тұздау;
– орамжапырақтың ферментация ережесі;
– орамжапырақтың ферментациясын және көкөністерді тұздау әдістерін бақылау.
Технологтың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– шикізатты өңдеудің технологиялық үрдісі; салқын, бірінші, екінші тәтті тағамдарды, ұн аспаздық және кондитерлік өнімдерді салқын және диеталық тамақтандыру тағамдары ; дайын тағамдары әсемдеу және жіберу, ережесі; дайын тағамдар сапасына қойылатын талаптар.
– Жұмыс орындарын дайындау және ұйымдастыру; еңбекті, өндірісті ұйымдастыру; технологиялық құрал-жабдықтармен, қауіпсіз жұмыс істеудің жалпы ережелері; тамақтандыру кәсіпорындарында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі;
– Шикізаттың, жартылай өнімдердің дайын тағам мен өнімнің сапасын бақылау әдістері мен амалдары;
– Менеджменттің негізгі функциялары, басқару әдістері шешім қабылдау, персоналды материалдық және рухани ынталандыру.
Техник-технологтың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– шикізатты өңдеудің технологиялық үрдісі; салқын, бірінші, екінші, тәтті тағамдары, тұздықтарды, ұн аспаздық және кондитерлік өнімдерді, салқын және ыстық сусындарды дайындау технологиясы; емдік-профилактикалық және диеталық тамақтандыру тағамдары; дайын тағамдарды әсемдеу және жіберу, ережесі; дайын тағамдар сапасына қойылатын талаптар.
– тамақтандыру кәсіпорындарының түрлі типтерінде қызмет көрсету; сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау; банкеттер мен қабылдауларды ұйымдастыру, тұтынушыларға, банкет пен қабылдауларға қызмет көрсету; шетелдік туристерге қызмет көрсету; қызмет көрсетудің арнайы түрлеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Бардың түрлі типтеріне қызмет көрсету; бар жұмысын ұйымдастыру; аралас сусындар мен коктейльдерді дайындау технологиясы, әсемдеу және ұсыну, сапасына қойылатын талаптар.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық бойынша Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік оқу орындарындағы білім алушылардың дайындық деңгейін және сапа талаптар баламалылығын қамтамасыз етеді.
1222000- «Консерві және тағам концентраттары өндірісі» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламасының төмендегідей біліктілік деңгейінде жүзеге асады.
122202 2-Пісіру аппаратшысы;
122205 2-Құю-толтыру автоматарының машинисі;
122207 3 -Техник-технолог;
Жұмысшы мамандығы бойынша кәсіпті құзыреттіліктері:
– шикізаттарды, өнімдерді, сіріңділерді күбілерде, отпен, бумен қыздырылатын қазандарда немесе газ және электр пештерде пісіру;
– әр түрлі тағам шикізаттары мен өнімдерін пісіру үдерісінің технологиясын әзірлеу;
– пайдаланатын шикізаттар мен дайын өнімнің сапасын бақылау;
– еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын;
– автоматты толтырғыштарды реттеу;
– консерві өнімдерінің пропорционалдығын және қалбырларды толтыруға арналған құрауыштардың сәйкес ара қатыстылығын сақтау;
– жабдықтарға санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
– технологиялық жабдықтарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
Техник-технологтың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– технологиялық құжаттаманы нормативтік базаға сәйке рәсімдеу;
– негізгі өнім түрлеріне құжат талаптарын қолдану;
– сапа жүйесіне құжаттаманы қолдану;
– қарапайым микробиологиялық зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерге баға беру;
– консервілер мен тағам концентраттары өндірісінде мкроорганизмдердің қатысуымен үдерістер туралы білімді пайдалану;
– технологиялық үдерістерді реттеу, бақылауға арналған технологиялық параметрлерді өлшеу және реттеу құралдарын пайдалану;
– жаңа технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін енгізуге қатысу керек
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық бойынша Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік оқу орындарындағы білім алушылардың дайындық деңгейін және сапа талаптар баламалылығын қамтамасыз етеді.
1222000- «Консерві және тағам концентраттары өндірісі» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламасының төмендегідей біліктілік деңгейінде жүзеге асады.
122202 2-Пісіру аппаратшысы;
122205 2-Құю-толтыру автоматарының машинисі;
122207 3 -Техник-технолог;
Жұмысшы мамандығы бойынша кәсіпті құзыреттіліктері:
– шикізаттарды, өнімдерді, сіріңділерді күбілерде, отпен, бумен қыздырылатын қазандарда немесе газ және электр пештерде пісіру;
– әр түрлі тағам шикізаттары мен өнімдерін пісіру үдерісінің технологиясын әзірлеу;
– пайдаланатын шикізаттар мен дайын өнімнің сапасын бақылау;
– еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын;
– автоматты толтырғыштарды реттеу;
– консерві өнімдерінің пропорционалдығын және қалбырларды толтыруға арналған құрауыштардың сәйкес ара қатыстылығын сақтау;
– жабдықтарға санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
– технологиялық жабдықтарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
Техник-технологтың кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:
– технологиялық құжаттаманы нормативтік базаға сәйке рәсімдеу;
– негізгі өнім түрлеріне құжат талаптарын қолдану;
– сапа жүйесіне құжаттаманы қолдану;
– қарапайым микробиологиялық зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерге баға беру;
– консервілер мен тағам концентраттары өндірісінде мкроорганизмдердің қатысуымен үдерістер туралы білімді пайдалану;
– технологиялық үдерістерді реттеу, бақылауға арналған технологиялық параметрлерді өлшеу және реттеу құралдарын пайдалану;
– жаңа технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін енгізуге қатысу керек
1237000- «Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламасының төмендегідей біліктілік деңгейінде жүзеге асады.
Озық – өнімді сақтаудың қолайлы жағдайы және өңдеудің технологиялық тізбектерін жинақтауды. Тауартанудың нормативтік-техникалық құжаттарын, тиісті стандартқа сәйкес өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
– өнімдерді өңдеу бойынша сақтау тоңазытқыштарды және цехтар секілді осы заманғы технологиялық құрал-жабдықтарды, пайдалану және реттеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматтандыру құралдарын белгілеуді;
– технохимиялық және микробиологиялық бақылаудың негізгі әдістерін, жеміс және көкөністерді тасымалдаудың, сақтаудың және ораудың осы заманғы тәсілдерін;
– нарық жағдайында өндірістік экономикасын және басқаруды;
– жеміс және көкөністерді сақтау мен өңдеудің еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін;
– еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын;
– цехтық, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың әдістерін.
-материалдардың шығын нормаларын, талдауды өткізуге арналған мәлімет көздерін.
-технологиялық құжаттамаларға сәйкес жемістер мен көкөністерді сақтаудың технологиялық үдерісі;
– жаңа өнім түрлерін әзірлеу үдерісі.
Істей білуі керек:
– жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыруды,
– технологиялық процесстердің бұзылу себептерін жедел табу және жоюды,
– технологиялық процесстердің бұзылу себептерін жедел табу және жоюды,
– жемістердің көкөністердің және дайын өнімдердің сапасын бағалауды тез бұзылатын ауылшаруашылық өнімдерін және сатуды қамтамасыз етуді;
– жемістердің, көкөністердің, қосымша материалдардың және дайын өсімдіктердің өндірістік шығындарын есептеу және есепке алуды;
– өнімдерді сақтау және өңдеу жөніндегі құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануды жүзеге асыруды;
– жаңа технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін енгізуге қатысу керек