“Дебат” клубы

Түркістан көпсалалы, жоғары аграрлық колледжінде «Дебат» клубы 2015 жылдан бері бастау алып жұмыс жүргізіп келе жатыр. Дебат клубының мүшелері барлық курс білім алушыларын құрайды.Жыл сайын жоспар құрылып, өтіліп отырады. Клубта- 33 мүше бар. Жауапты оқытуышыларымыз- Н.Найманбаева мен А.Кудьяров.
2020-2021 оқу жылының жоспарға сәйкес дебаты осы жылдың ақпан айында өтілді.
Дебат тақырыбы: Ел ертеңі – жастар ой – бөліс сайыс сағаты
Мақсаты:
– Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
– Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
– Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
– Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
– Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;
– Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Өту барысы (Қ. Мұрзалинаның сөзі):
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай – ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы. Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес. Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі. Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып, бала – шағаларын асырап, елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен еліме, жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс. Сонда біз өркендейміз.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже – ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,- деп қасық қандары қалғанша ар – намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған